scroll down
Жоба туралы

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры Қазақстан Республикасының Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесе отырып, 2010 жылдан бастап «Медициналық пойыздар» әлеуметтік жобасын іске асыра бастады. 2016 жылдан бері жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қолдап келеді. Жоба аясында шалғайда жатқан станциялар мен оларға жақын орналасқан елдімекендердің тұрғындарын тегін медициналық тексеруден өткізу көзделген.

Осы себепті пойыздар медициналық-санитарлық алғашқы көмек және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетіп, пациенттерді зертханалық әдістермен тексерістен өткізеді, қажет болған жағдайда кішігірім операциялар жасайды, жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдама береді.

Медициналық пойыздар медициналық кабинеттер мен жоғары жылдамдықты интернет желісі жоқ өңірлерді қамтиды.

"Саламатты Қазақстан" пойызының кестесі

"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызының қозғалыс кестесі

Кестені көру
МЕДИА
Жаңалықтар
БАҚ БIЗ ТУРАЛЫ
отчеты

02.09.2022

Түркістан облысының тұрғындары медициналық пойызда тегін тексеруден өте алады
2 қыркүйектен бастап «Медициналық пойыздар» жобасы Түркістан облысында. Пойыздың білікті қызметкерлері алдымен Шойтөбе станциясының тұрғындарын қабылдайды.

02.09.2022

Медицинский поезд Жардем закончил свою работу в Кызылординской области
Рады сообщить вам итоги по медицинскому поезду «Жардем» в Кызылординской области, где он был в период с 11 августа по 1 сентября.

18.08.2022

Специализированный медицинский поезд «Саламатты Казахстан» завершил свою работу в Павлодарской области.
К вашему вниманию представляем итоги работы поезда «Саламатты Қазақстан» в Павлодарской области.

18.08.2022

«Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы Павлодар облысында жұмысын аяқтады.
31 шілде мен 16 тамыз аралығында «Саламатты Қазақстан» пойызы Павлодар облысының 9 станциясында болды.

17.08.2022

«Саламатты Қазақстан» пойызының дәрігерлері СҚО мен Ақмола облысының тұрғындарын тегін қарайды
Бүгін «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы Солтүстік Қазақстан облысы мен Ақмола облысында өз жұмысын бастады.

17.08.2022

Врачи медпоезда «Саламатты Казахстан» бесплатно примут жителей СКО и Акмолинской области
Сегодня специализированный медицинский поезд «Саламатты Казахстан» начинает свою работу в СКО и Акмолинской области.

31.07.2022

Медпоезд начал свою работу в Павлодарской области
С 31 июля специализированный медицинский поезд «Саламатты Қазақстан» проведет бесплатный медицинский осмотр жителей отдаленных станций Павлодарской области и близлежащих населенных пунктов.

31.07.2022

Медициналық пойыз Павлодар облысына келіп жетті
31 шілдеден бастап «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы Павлодар облысының шалғайдағы станциялары мен оларға жақын орналасқан елдімекендердің тұрғындарын тегін медициналық тексеруден өткізеді.

31.07.2022

Поезд «Саламатты Қазақстан» завершил свою работу на Востоке страны
Пришло время подвести итоги работы поезда «Саламатты Қазақстан» в восточных областях страны. С 13 июля по 30 июля медицинский поезд «Саламатты Қазақстан» курсировал на станциях Жарминская, Жангизтобе, Суыкбулак, Бель-Агаш в Абайской области,а с 11 июля по 26 июля-на станциях Предгорная, Черемшанка, Бухтарма и Заводинка, Тургусун в Восточно-Казахстанской области.

31.07.2022

«Саламатты Қазақстан» пойызы шығыс облыстардағы жұмысын қорытындылады
13 шілде мен 30 шілде аралығында «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Абай облысындағы Жарма, Жаңғызтөбе, Суықбұлақ, Белағаш,Ауыл станцияларында болса, ал 11 шілде мен 26 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысындағы Предгорная, Черемшанка, Бұқтырма және Заводинка, Тұрғысын станцияларын жүріп өтті.

23.07.2022

Медпоезд начал свою работу в Западно-Казахстанской области
Специализированный медицинский поезд «Жардем» сегодня приступил к работе на станции Семиглавый Мар в Западно-Казахстанской области. «Больница на колесах» пробудет в ЗКО до 9 августа, посетив 9 отдаленных станций.

23.07.2022

Медициналық пойыз Батыс Қазақстан облысында өз жұмысын бастады
«Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы бүгін Батыс Қазақстан облысындағы Семиглавый Мар станциясында жұмысын бастады. Жалпы аталған «доңғалақ үстіндегі емхана» 9 тамызға дейін БҚО-дағы 9 шалғай станцияға барады.

22.07.2022

Поезд «Жардем» завершил свою работу в Актюбинской области
Медицинский поезд «Жардем» в период с 29 июня по 22 июля посетил 12 станций Актюбинской области. За прошедшие три недели специалисты консультативно-диагностического поезда в Актюбинской области осмотрели 7032 жителей, в том числе 2693 детей, 4339 взрослых, а общее количество врачебных посещений составило – 25953.

22.07.2022

«Жәрдем» пойызы Ақтөбе облысындағы жұмысын қорытындылады
29 маусым мен 22 шілде аралығында «Жәрдем» пойызы Ақтөбе облысының 12 станциясында болды. Ақтөбе облысындағы консультациялық-диагностикалық пойыздың мамандары 7032 тұрғынды, оның ішінде 2693 баланы және 4339 ересекті қабылдаса, дәрігерлерге қаралудың жалпы саны 25953 құрады.

30.06.2022

Жетісу облысының 6 станциясына медициналық пойыз барады
Бүгін «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы Жетісу облысының тұрғындарын Айнабұлақ станциясында қабылдай бастады. Медициналық пойыздың тәжірибелі мамандары жергілікті тұрғындарға мамандандырылған вагондарда тегін медициналық көмек көрсетеді.

29.06.2022

Консультациядан хирургиялық операцияларға дейін: «Жәрдем» медициналық пойызы Ақтөбе облысындағы жұмысын бастады
«Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы 29 маусымнан бастап Ақтөбе облысының шалғайдағы станциялары мен оларға жақын орналасқан елдімекендердің тұрғындарын тегін медициналық тексеруден өткізеді.

20.06.2022

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы еліміздің жаңа облыстарына барады
«Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы 20 маусымда Алматы облысының Байсерке станциясында жұмысын бастады. Бұдан әрі құрам жаңадан құрылған Жетісу облысына барып, шалғай станциялар мен разъездерде жұмысын жалғастырады.

13.06.2022

«Жәрдем» медициналық пойызы Атырау облысының 8 елдімекеніне барады
«Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы 13 маусымнан бастап Атырау облысының шалғайдағы станциялары мен оларға жақын орналасқан елдімекендердің тұрғындарын тегін медициналық тексеруден өткізеді.

23.05.2022

Қазақстанда «Медициналық пойыздар» жобасы басталды
2022 жылдың 23 мамырында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Медициналық пойыздар» жобасының іске қосылуына арналған баспасөз мәслихаты өтті.

23.05.2022

«Жәрдем» медициналық пойызы іске қосылды
2022 жылғы 26 мамырда медициналық пойыз Маңғыстау облысындағы Болашақ станциясына келеді.

11.11.2022

Ақжолтай пойыз ауылдағы ағайынның денсаулығын түзеуге көмектесті.

Еліміздің басты құндылығы – адам, ал оның денсаулығын сақтау – мемлекетіміздің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Осы міндет жолында қолға алынған іргелі жобалардың бірі – «Медициналық пойыздар» қайырымдылық жобасы, деп newsroom.kz хабарлайды. https://newsroom.kz/nrnewsqaz1170511.html

СҰРАҚ-ЖАУАП
Жобаның басталуына не себеп болды?

Жоба 2010 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бұл – «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ мен Төтенше жағдайлар министрлігінің (қазір – ҚР Ішкі істер министрілігі Төтенше жағдайлар комитеті) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен идеясы. 2016 жылы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қосылды. Біз жобаны «Денсаулық жолы» деп атадық.

Жоба ашылғалы бері қандай нәтижелерге жетті?

2010 – 2016 жылдар аралығында медицина пойыздары  шалғайдағы 1 052 бекетке барып, 299 мың тұрғынды, соның ішінде шамамен 71,5 мың баланы дәрігерлік тексеруден өткізді. 1,5 миллионға жуық диагностикалық процедура, 4 мың шағын амбулаториялық ота, 19 телемедициналық кеңес жасалды. Маммологтың қабылдауында 44 мың нәзік жанды болса, тіс дәрігерлері 73 мың тұрғынға көмек көрсетті. 394 мың кесел тіркелді, соның ішінде 49,5 мыңы балаларда анықталып, 5080 жаңа пайда болған сырқат, оның 257-сі балаларда анықталды.

Медицина пойызы қандай қызмет көрсетеді?

Медицина пойызына келген әрбір жан келесі медициналық мамандықтардың білікті мамандарынан тегін тексеруден өтіп, ем ала алады, олар: терапевт, стоматолог, офтальмолог, оториноларинголог, хирург, педиатр, гинеколог, эндоскопист, кардиолог, невропатолог. Пойыз заманауи диагностикалық және емдік құралдармен, шағын-операция бөлмесімен, зертханамен, байланыс құралдарымен және телемедицина конференцияларын өткізу үшін – Интернетке қосылу мүмкіндігімен жабдықталған. Осылайша, республикалық үлкен клиникалардың  үздік мамандары пойыздың медицина қызметкерлері штатына желі арқылы қосылады. Онкологиялық ауруларды, туберкулезді, қант диабетін және басқа да ауыр дерттерді ерте анықтау, яғни осы ауруларды бастапқы сатысында анықтау аса маңызды.

Пойыздың жүретін бағытын кім және қалай жасайды?

Пойыздың жүру кестесі қашықтағы бекетте медицина пунктерінің жоқтығын ескере отырып, азаматтардың жүгінуі және мемлекеттік органдардың сұрауы негізінде жасалады. Сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ медицина пойыздарының қай облыстарға көптен бері бармағанына талдау жасап отырады.

Биылғы бағыт пен жобаны іске асыру мерзімі қандай?

2017 жылы медицина пойыздары келесі бағыттар бойынша жүреді:

«Саламатты Қазақстан» құрамы – 11 сәуірден 6 қарашаға дейін орталық, солтүстік, шығыс және батыс аймақтарға, «Денсаулық» құрамы – 18 сәуірден 20 желтоқсанға дейін оңтүстік және батыс аймақтарға барады.

Сәуір-мамыр айларында құрамдар қай елді мекендерге баруды жоспарлап отыр?

«Денсаулық» пойызы 18 сәуірде Алматыдан шығады. Бұл құрам өз жұмысын Маңғыстау облысының Тұрұш бекетінен бастайды. 31 мамырда Атырау облысы «Нарын» бекетінде жұмысын аяқтайды. Маңғыстау және Атырау облыстарында барлығы 21 бекетті қамту жоспарлануда.

«Саламатты Қазақстан» 11 сәуірде Қарағандыдан шықты. 12 сәуріде Қарағанды облысының Жезқазған бекетінде азаматтарды қабылдауды бастады. «Саламатты Қазақстан» құрамының осы бағыттағы соңғы нүктесі – Шығыс Қазақстан облысының «Шар» бекеті. Мұнда пойыз 27 мамырда барады, науқастарды қабылдаудың соңғы күні – 30 мамыр. Бұл құрам Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында барлығы 34 бекетке барады.

Тұрғындар медицина пойызының келетінін қайдан біледі?

www.medpoezd.kz сайтында пойыздардың жүру кестесі мен бағыты көрсетілген. Бұдан бөлек, халыққа жергілікті БАҚ арқылы да хабарланады. Халыққа жеткізу жергілікті атқарушы органдардың міндеті.

Пойыздың елді мекенде тұратын уақыты барлық анализдерді алуға және диагнозды дәл қоюға жете ме?

Иә, жетеді. Екі-үш сағаттың ішінде қанның көптеген параметрлері жедел анықталады. Бұлардың ішіндегі ең өзектісі – диабет. Ал, қанның құрамындағы қант мөлшері бірнеше секундта анықталады. Медицина пойыздарының негізгі міндеттерінің бірі – ауруды бастапқы сатысында анықтау. Пойыздың зертханалық жабдықтары қажет жағдайда, cito режимінде науқастардың қаны мен несебінің толық жалпы және биохимиялық анализін алуға, диагностикалық зерттеулердің басқа да түрлерін жасауға мүмкіндік береді.

Медицина пойызында дәрігерлердің тұруына қандай жағдай жасалған?

Қызметкерлердің тұруына 2 вагон бөлінген, онда қызметкерлер үшін барлық жағдай жасалған. Ыстық және суық су, биодәретханалар, душтар, теледидарлар, тоңазытқыштар, кондиционерлер бар. Азық-түлікті вагон-мейрамхана қамтамасыз етеді.

Науқастарды қабылдау кестесі қандай?

Дәрігерлердің жұмыс уақыты таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін. Бірақ көп жағдайда, дәрігерлер соңғы науқасты қабылдағанға дейін жұмыс істейді және бәріне медициналық көмек көрсетеді.

Пойыз дәрігерлерінің біліктілігі қандай?

Пойыздағы барлық мамандар бірінші және жоғары біліктілік санатындағы дәрігерлер.

Есеп қалай жүргізіледі, яғни өткен уақытта қанша науқастың ауруы анықталып, олардың қаншасына көмек көрсетілді?

Науқастардың денсаулығы туралы жиналған барлық ақпарат орталық серверге келіп түседі. Қанша адамның қаралғаны және қандай диагноз қойылғаны туралы нақты статистика жүргізіледі.

Жобаның ашылғанына 6 жыл болды. Осы уақытта қандай пікірлер алынды?

«Денсаулық» пойызы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық байқауда «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша жеңімпаздардың бірі болды және 2010 жылы «Жыл таңдауы №1 Қазақстанда» халықаралық байқауында Қазақстандағы ең үздік әлеуметтік-жауапты жоба ретінде танылды. Жоба жұмыс істеген жылдардың нәтижесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жоғары баға берді. Оған қоса, тұрғындар да оң пікір білдіруде. Олар медицина пойыздарының сапалы қызмет көрсететінін, қызметкерлердің сыпайылығын атап айтады. Шалғай аймақтардағы қарт тұрғындар үшін, медицина пойызы – білікті көмек алудың жалғыз мүмкіндігі. Олар үшін көлік медициналық қызмет көрсету өзектілігін асыра бағалау қиын.