«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Ақмола және Қарағанды облысында өз жұмысын аяқтады.

Құрметті достар, «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының Ақмола және Қарағанды облыстарындағы жұмысының нәтижелерімен бөлісуге дайынбыз! Ақмола облысында 19 тамыз бен 9 қазан аралығында «Саламатты Қазақстан» консультативтік-диагностикалық пойызының мамандары 5944 науқасты қабылдады. Дәрігерлік қабылдаулардың жалпы саны – 33576. Дәрігерлер 791 бала және 5153 ересек адамды тексеріп, кеңес беріп, емдеді. Қарағанды облысында «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 10-14 қазан аралығында жұмыс істеді. Осы уақыт аралығында 822 тұрғын мамандардың тексеруінен өтті: оның 147 бала және 675 ересек адам. Дәрігерлік қабылдаулардың жалпы саны – 4644.

17.10.2022