«Жәрдем» медициналық пойызы іске қосылды

2022 жылғы 26 мамырда медициналық пойыз Маңғыстау облысындағы Болашақ станциясына келді.

Қазақстанда «Медициналық пойыздар» жобасы басталды: еліміздің шалғай аудандарының тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіледі 2022 жылы бүкіл Қазақстан бойынша екі медициналық пойыздың бағдары жоспарланған. Бұл ретте олар, жалпы алғанда, шалғайда орналасқан 147 станцияға баратын болады. «Жәрдем» медициналық пойызы 23 мамырдан 6 қарашаға дейін 80 станцияны, ал «Саламатты Қазақстан» 20 маусымнан 2 қарашаға дейін 67 станцияны аралайды. Пойыздар жалпы саны 60 000 адамды қамтып, дәрігерлердің қабылдауына келу саны 100 000, диагностикалық емшара 18 000, шағын хирургиялық операция 1200 болса, 8000 адамға стоматологиялық көмек көрсетіледі деп күтіліп отыр. Медициналық пойыздар бүкіл Қазақстанды аралайды: «Жәрдем» – Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстарына; «Саламатты Қазақстан» Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарына барады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі пойыздарды дәрігерлік бригадалармен және қажет жабдықпен қамтамасыз етеді. Медициналық персоналдың құрамында әртүрлі бейіндегі білікті мамандар: терапевт, педиатр, кардиолог, невропатолог, офтальмолог, гинеколог, хирург, уролог, маммолог және стоматолог барын атап өткен жөн. Биыл білікті мамандардың қатары психолог және дерматовенерологпен толықты.
Медициналық жабдықтар – жапон және неміс өндірушілерінің өнімі: аппаратура қажет болған жағдайда кеңейтілген жалпы және биохимиялық талдаулар, рентгенография мен флюрография, ішкі ағзалар мен тамырлардың УДЗ-зерттеулерін, электрокардиограмма, гастрофиброскопия және диагностикалық зерттеулердің басқа да түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар биыл стамотологиялық құрылғылар да жаңартылған.

Жұмыс уақыты: 09:00-18:00

Үзіліс: 13:00-14:00

Жоба алғаш рет 2010 жылы іске қосылып, 2019 жылға дейін жыл сайын іске асырылып келді де, коронавирус індеті кезінде үзіліс алды. Осы кезең ішінде «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» атты үш консультациялық-диагностикалық пойыз Қазақстанның шалғайда орналасқан 1700-ден аса елдімекенін аралап, 488 881 тұрғынды тексеруден өткізді, оның ішінде 101 614 бала бар. 1 647 138 диагностикалық ем-шара, 11 981 кіші амбулаториялық операция өткізілді. Маммолог мамандар 67 148 әйелді қабылдаса, жалпы адамдар дәрігердің қабылдауында 2 873 542 рет болды. Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен бірлесіп іске асырып отыр.

Толық ақпарат:

Инстаграм: https://instagram.com/medpoezd.kz?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Фейсбук: https://www.facebook.com/medicinskiepoezda

Сайт: https://medpoezd.kz/ru

23.05.2022