ЖОБА ТУРАЛЫ


«Медициналық пойыздар» жобасы

2010 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, әлеуметтік жобалар қоры тұлғасында Қазақстан Республикасының Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрліктерімен, ал 2016 жылдан бері «Samruk-Kazyna Trust» қорымен бірлесіп «Медициналық пойыздар» атты кең ауқымды әлеуметтік жобаны іске асырады. Бұл жоба аясында алшақ бекет тұрғындары негізгі медицина мамандықтарының (терапевт, стоматолог, офтальмолог, лор, хирург, уролог, маммолог, педиатр) білікті мамандарынан тегін тексеру мен емдеуден өту мүмкіндігіне ие болады. Пойыз заманауи диагностілеу және емдеу жабдықтарымен (УЗИ, флюроография аппараты және т.с.с.), кішігірім операция орны, зертхана, интернетке сымсыз қол жеткізу үшін байланыс құралдарымен жабдықталған.
Медициналық пойыздар медициналық кабинеттер, жоғары жылдамдықты интернет желісі жоқ өңірлерді қамтиды.

 
2017 жылы жобаға «Samruk-Kazyna Trust» қоры қолдау көрсетеді, пойыздар:
• «Саламатты Қазақстан» - 11 сәуірден бастап орталық, солтүстік, шығыс және батыс өңірлер бөлігін 6 қарашаға дейін қамтиды;
• «Денсаулық» - 18 сәуірден бастап оңтүстік және батыс өңірлерді 20 желтоқсанға дейін қамтиды.

ҚОЗҒАЛЫС КЕСТЕСІ

«Денсаулық» мамандандырылған пойызының қозғалыс кестесі

«Саламатты Қазақстан» мамандандырылған пойызының қозғалыс кестесі

ЖАҢАЛЫҚТАР

БАҚ БIЗ ТУРАЛЫ

ИНФОГРАФИКА

СҰРАҚ-ЖАУАП

Жоба 2010 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бұл – «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ мен Төтенше жағдайлар министрлігінің (қазір – ҚР Ішкі істер министрілігі Төтенше жағдайлар комитеті) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен идеясы. 2016 жылы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қосылды. Біз жобаны «Денсаулық жолы» деп атадық.

2010 – 2016 жылдар аралығында медицина пойыздары  шалғайдағы 1 052 бекетке барып, 299 мың тұрғынды, соның ішінде шамамен 71,5 мың баланы дәрігерлік тексеруден өткізді. 1,5 миллионға жуық диагностикалық процедура, 4 мың шағын амбулаториялық ота, 19 телемедициналық кеңес жасалды. Маммологтың қабылдауында 44 мың нәзік жанды болса, тіс дәрігерлері 73 мың тұрғынға көмек көрсетті. 394 мың кесел тіркелді, соның ішінде 49,5 мыңы балаларда анықталып, 5080 жаңа пайда болған сырқат, оның 257-сі балаларда анықталды.

Медицина пойызына келген әрбір жан келесі медициналық мамандықтардың білікті мамандарынан тегін тексеруден өтіп, ем ала алады, олар: терапевт, стоматолог, офтальмолог, оториноларинголог, хирург, педиатр, гинеколог, эндоскопист, кардиолог, невропатолог. Пойыз заманауи диагностикалық және емдік құралдармен, шағын-операция бөлмесімен, зертханамен, байланыс құралдарымен және телемедицина конференцияларын өткізу үшін – Интернетке қосылу мүмкіндігімен жабдықталған. Осылайша, республикалық үлкен клиникалардың  үздік мамандары пойыздың медицина қызметкерлері штатына желі арқылы қосылады. Онкологиялық ауруларды, туберкулезді, қант диабетін және басқа да ауыр дерттерді ерте анықтау, яғни осы ауруларды бастапқы сатысында анықтау аса маңызды.

Пойыздың жүру кестесі қашықтағы бекетте медицина пунктерінің жоқтығын ескере отырып, азаматтардың жүгінуі және мемлекеттік органдардың сұрауы негізінде жасалады. Сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ медицина пойыздарының қай облыстарға көптен бері бармағанына талдау жасап отырады.

2017 жылы медицина пойыздары келесі бағыттар бойынша жүреді:

«Саламатты Қазақстан» құрамы – 11 сәуірден 6 қарашаға дейін орталық, солтүстік, шығыс және батыс аймақтарға, «Денсаулық» құрамы – 18 сәуірден 20 желтоқсанға дейін оңтүстік және батыс аймақтарға барады.

«Денсаулық» пойызы 18 сәуірде Алматыдан шығады. Бұл құрам өз жұмысын Маңғыстау облысының Тұрұш бекетінен бастайды. 31 мамырда Атырау облысы «Нарын» бекетінде жұмысын аяқтайды. Маңғыстау және Атырау облыстарында барлығы 21 бекетті қамту жоспарлануда.

«Саламатты Қазақстан» 11 сәуірде Қарағандыдан шықты. 12 сәуріде Қарағанды облысының Жезқазған бекетінде азаматтарды қабылдауды бастады. «Саламатты Қазақстан» құрамының осы бағыттағы соңғы нүктесі – Шығыс Қазақстан облысының «Шар» бекеті. Мұнда пойыз 27 мамырда барады, науқастарды қабылдаудың соңғы күні – 30 мамыр. Бұл құрам Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында барлығы 34 бекетке барады.

www.medpoezd.kz сайтында пойыздардың жүру кестесі мен бағыты көрсетілген. Бұдан бөлек, халыққа жергілікті БАҚ арқылы да хабарланады. Халыққа жеткізу жергілікті атқарушы органдардың міндеті.

Иә, жетеді. Екі-үш сағаттың ішінде қанның көптеген параметрлері жедел анықталады. Бұлардың ішіндегі ең өзектісі – диабет. Ал, қанның құрамындағы қант мөлшері бірнеше секундта анықталады. Медицина пойыздарының негізгі міндеттерінің бірі – ауруды бастапқы сатысында анықтау. Пойыздың зертханалық жабдықтары қажет жағдайда, cito режимінде науқастардың қаны мен несебінің толық жалпы және биохимиялық анализін алуға, диагностикалық зерттеулердің басқа да түрлерін жасауға мүмкіндік береді.

Қызметкерлердің тұруына 2 вагон бөлінген, онда қызметкерлер үшін барлық жағдай жасалған. Ыстық және суық су, биодәретханалар, душтар, теледидарлар, тоңазытқыштар, кондиционерлер бар. Азық-түлікті вагон-мейрамхана қамтамасыз етеді.

Дәрігерлердің жұмыс уақыты таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін. Бірақ көп жағдайда, дәрігерлер соңғы науқасты қабылдағанға дейін жұмыс істейді және бәріне медициналық көмек көрсетеді.

Пойыздағы барлық мамандар бірінші және жоғары біліктілік санатындағы дәрігерлер.

Науқастардың денсаулығы туралы жиналған барлық ақпарат орталық серверге келіп түседі. Қанша адамның қаралғаны және қандай диагноз қойылғаны туралы нақты статистика жүргізіледі.

«Денсаулық» пойызы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық байқауда «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша жеңімпаздардың бірі болды және 2010 жылы «Жыл таңдауы №1 Қазақстанда» халықаралық байқауында Қазақстандағы ең үздік әлеуметтік-жауапты жоба ретінде танылды. Жоба жұмыс істеген жылдардың нәтижесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жоғары баға берді. Оған қоса, тұрғындар да оң пікір білдіруде. Олар медицина пойыздарының сапалы қызмет көрсететінін, қызметкерлердің сыпайылығын атап айтады. Шалғай аймақтардағы қарт тұрғындар үшін, медицина пойызы – білікті көмек алудың жалғыз мүмкіндігі. Олар үшін көлік медициналық қызмет көрсету өзектілігін асыра бағалау қиын.

Мекен-жайымыз:

010000, Қазақстан Республикасы,
Астана қаласы, Қонаев көшесі, 6

БАҚ ушін қосымша ақпарат алу үшін:

+7 (7172) 76-98-56, 76-90-19
+7 701 526-30-50 телефондарына
e-mail: media@askredpoint.com хабарласыңыз.

Барлық құқықтар қорғалған © 2017 Денсаулық жолы

     

Жоғары