Шығыс Қазақстан облысының 7 бекетінде 12 мыңға жуық адам дәрігерлерге қаралды

22 мамыр мен 4 маусым аралығында «Саламатты Қазақстан 2023» медициналық пойызының мамандары Шығыс Қазақстан облысының жеті стансасының (Жарма, Ертіс зауыты, Тишинская, Ермакова, Таусамалы, Алтай, Құмыстау) тұрғындарын қарады, онда 4258 адам тексерілді, оның ішінде 608 бала.

Апта ішінде дәрігерге қаралған саны – 11 891 адам, кішігірім хирургиялық операциялар – 317.

Медициналық пойыздың мамандары келген адамдарды мұқият қарап шықты: жалпы тәжірибелік дәрігер, терапевт, педиатр – 886 адам; хирург – 1458; уролог – 1489; невропатолог – 1226; офтальмолог – 1506; ЛОР - 887; акушер – гинеколог – 536; тіс дәрігері – 963; ЭКГ – 678; УЗИ – 1638; ФЛГ - 307.

Еске салайық, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның бастамасымен алғаш рет адамдарға тиімді психологиялық, құқықтық және медиативті (татуласу) көмек көрсететін кәсіби психологтар, медиаторлар мен адвокаттар тартылды. Сонымен қатар, азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қолдау алуға құқықтарын қорғау, зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер мен атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселелері бойынша тегін кеңестер беріледі.

WhatsApp Image 2023-06-07 at 17.18.19.jpeg

Жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының тапсырмасы бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия және Денсаулық сақтау министрлігі қатысуымен жүзеге асыруда, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ корпоративтік қоры – «Әлеуметтік жобалар қоры» және ақпараттық серіктес – Jibek Joly телеарнасымен бірлесіп.

07.06.2023