«Жәрдем» пойызы Жамбыл облысындағы жұмысын қорытындылады

Құрметті достар! Назарларыңызға «Жәрдем» медициналық пойызының Жамбыл облысындағы жұмыс нәтижесін ұсынамыз. «Жәрдем» консультативтік – диагностикалық пойызының мамандары 4 қазан мен 5 қараша аралығында 11136 науқасты қабылдады. Дәрігерлік қабылдаулардың жалпы саны – 50266 Жамбыл облысында ЖТД/терапевт/педиатрға 7246, невропатологқа 6923, акушер-гинекологқа 1781 адам қаралған. Дәрігерлер : ✅ 4747 бала ✅ 6389 ересек адамды қарап, кеңес беріп, емдеді. Мамандармен: ✅ 4695 УДЗ ✅ 3619 ЭКГ жасалған.

06.11.2022