Ақжолтай пойыз ШҚО мен Абай облысына барады

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 23 мамырдан 12 маусымға дейін ШҚО мен Абай облысының 11 шалғай станциясын аралайды. Дәрігерлер науқастарды түскі асқа сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзіліспен, сағат 9-дан 18-ге дейін қабылдайды. Пойыз 23 мамырда Жарма (келу уақыты 07.16), 25 мамырда (07.47) – Ертіс зауыты, 27 мамырда (09.11) – Тишинская, 29 мамырда (09.05) – Ермаковка, 29 мамырда (20.50) – Таусамалы, 31 мамыр (22.05) – Алтай, 2 маусымда (21.03) - Күмістау, 5 маусым (03.30) - Шар, 6 маусым (23.32) – Суықбұлақ, 8 маусым (21.55) – Белағаш және 11 маусым (00.11) – Дегелең бекеттерінде болады. Достар, жағымды жаңалықпен бөлісе отырыңыздар!

WhatsApp Image 2023-05-22 at 16.46.53.jpeg

22.05.2023