Түркістан облысының тұрғындары медициналық пойызда тегін тексеруден өте алады

2 қыркүйектен бастап «Медициналық пойыздар» жобасы Түркістан облысында. Пойыздың білікті қызметкерлері алдымен Шойтөбе станциясының тұрғындарын қабылдайды. Заманауи медициналық техникамен жабдықталған «Жәрдем» консультативтік-диагностикалық пойызы Түркістан облысында бір ай бойы болып, 16 шалғай елдімекенге барады: 2-3 қыркүйек – Шойтөбе, 4-5 қыркүйек – Тимур, 6-7 қыркүйек – Талдықұдық, 8-9 қыркүйек – Шағыр, 10-11 қыркүйек – Монтайтас, 12-13 қыркүйек – Шанақ, 14-15 қыркүйек – Шеңгелді, 16-17 қыркүйек – Жылға, 18-19 қыркүйек – Дарбаза, 20-21 қыркүйек – Қалаш, 22-23 қыркүйек – Бадам, 24-25 қыркүйек – Игілік, 26-27 қыркүйек – Қызылсай, 28-29 қыркүйек – Ынтымақ, 30 қыркүйек-1 қазан – Сас-Төбе, 2-3 қазан – Көктерек. Бұл уақыт аралығында медициналық пойыз дәрігерлері өңірдің 10 000 тұрғынын қабылдайды деп күтілуде.

02.09.2022