«Саламатты Қазақстан» пойызының дәрігерлері СҚО мен Ақмола облысының тұрғындарын тегін қарайды

Бүгін «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы Солтүстік Қазақстан облысы мен Ақмола облысында өз жұмысын бастады. Жылжымалы емхана СҚО бойынша 17-18 тамыз Еркіншілік станциясы, 26-27 тамыз Дәуіт станциясы, 28-29 тамыз Талшық станциясы, 1-2 қыркүйек Қарағай станциясы, 3-4 қыркүйек Первая Целинная станциясы және 7-8 қыркүйек Қайранкөл станциясында болса, Ақмола облысында 19 тамыз Сарыоба, 20-21 тамыз Елтай, 22-23 тамыз Октябрь, Ащыкөл 24-25 тамыз, 30-31 тамыз Қызылту, 5-6 қыркүйек Ақсуат, 9-10 қыркүйек Пресногорьковская, 4-5 қазан Красивый-Казахский, 6-7 қазан Жақсы және 8-9 қазан Адыр бекеттеріне аялдайды.

17.08.2022