«Саламатты Қазақстан» пойызы шығыс облыстардағы жұмысын қорытындылады

«Саламатты Қазақстан» пойызының шығыс облыстарлағы жұмысын қорытындылайтын уақыт та жетті.

13 шілде мен 30 шілде аралығында «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Абай облысындағы Жарма, Жаңғызтөбе, Суықбұлақ, Белағаш,Ауыл станцияларында болса, ал 11 шілде мен 26 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысындағы Предгорная, Черемшанка, Бұқтырма және Заводинка, Тұрғысын станцияларын жүріп өтті.

13 шілде мен 30 шілде аралығында" «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының дәрігерлері 905 тұрғынды, оның ішінде 156 баланы, 749 ересекті тексерді. Пойыздың әр маманы келесідей тұрғынды қабылдады: ЖПД / терапевт / педиатр-612 тұрғын, Хирург - 458 тұрғын, Офтальмолог - 324 тұрғын, ЛОР - 262 тұрғын, Акушер-гинеколог - 270 тұрғын, Стоматолог- 300 тұрғын, ЭКГ - 453 тұрғын, УДЗ - 584 тұрғын, ФЛГ - 235 тұрғын.

Ал Шығыс Қазақстан облысында 11 шілде мен 26 шілде аралығында «Саламатты Қазақстан» консультативтік-диагностикалық пойызының мамандары 857 тұрғынды, оның ішінде 104 бала, 750 ересек адамды тексерді. Пойыздың әр маманы келесідей тұрғынды қабылдады: ЖПД / терапевт / педиатр-606 тұрғын, Хирург - 413 тұрғын, Офтальмолог - 398 тұрғын, ЛОР - 154 тұрғын, Акушер-гинеколог - 215 тұрғын, Стоматолог - 246 тұрғын, ЭКГ - 511 тұрғын, УДЗ - 659 тұрғын, ФЛГ - 26 тұрғын.

Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысынан кейін «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыстарына барады.

31.07.2022