"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы Солтүстік Қазақстан облысында өз жұмысын аяқтады.
Сіздермен еліміздің солтүстік аймақтарындағы «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының жұмыс нәтижелерімен бөлісуге дайынбыз. 17 тамыз бен 9 қыркүйек аралығында мамандандырылған медициналық пойыздың дәрігерлері 3108 науқасты қабылдады, барлығы 17337 келуші тіркелген. Дәрігерлер 2706 ересек пен 402 баланы тексеріп, кеңес беріп, емдеген.
09.09.2022