Медициналық пойыз Павлодар облысына келіп жетті

1 31 шілдеден бастап «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы Павлодар облысының шалғайдағы станциялары мен оларға жақын орналасқан елдімекендердің тұрғындарын тегін медициналық тексеруден өткізеді.

Медициналық пойыз өз жұмысын 31 шілде күні Павлодар облысындағы Май разъезінен бастап, шалғайдағы ауылдарды 16-тамызға дейін аралайды.

Медициналық персоналдың құрамы әртүрлі бейіндегі білікті мамандардан тұрады: терапевт, педиатр, кардиолог, невропатолог, офтальмолог, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог, рентгенолог, кардиолог, УДЗ дәрігері, эндоскопист, функционалдық диагностика дәрігері.

Консультациялық-диагностикалық пойыздың дәрігерлері пациенттерді таңғы 09.00-ден кешкі 18.00-ге дейін қабылдайды.

31.07.2022