Медициналық пойыз Батыс Қазақстан облысында өз жұмысын бастады

«Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы бүгін Батыс Қазақстан облысындағы Семиглавый Мар станциясында жұмысын бастады. Жалпы аталған «доңғалақ үстіндегі емхана» 9 тамызға дейін БҚО-дағы 9 шалғай станцияға барады. Ол 25-26 шілде Тасқала, 27-28 шілде Дерқұл, 29-30 шілде Переметная, 31 шілде мен 1 тамыз Белес, 2-3 тамыз Жайық, 4-5 тамыз Алғабас және 6-7 тамыз Амангелді станцияларында болып, 8-9 тамыз аралығында Шыңғырлау бекетінде өз жұмысын аяқтайды. Медициналық пойыз мамандары күнделікті сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін емдік көмек көрсетуге, кеңес беруге және қажет болса, елдегі медицина мекемелеріне жолдама беруге дайын

«Жәрдем» медициналық пойызы Батыс Қазақстан облысынан кейін Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарындағы шалғай станцияларда өз жұмысын жалғастырады.

23.07.2022