
20 мая медицинский поезд «Саламатты Қазақстан» вновь отправляется в путь
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы биыл да жолға шығады! 123 елді мекен қамтылады. Шалғай ауылдардың тұрғындарына тегін медициналық және құқықтық көмек көрсетіледі. Пойыздың жүру кестесінен өз ауылыңызды көрсеңіз болады.
Серіктестеріміз: «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» қоры – пойыздың бағыты мен жұмысын ұйымдастырады. Денсаулық сақтау министрлігі – жабдықтау, дәрі-дәрмек пен медициналық сүйемелдеуді жүргізеді. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық комиссия – заңгерлік қолдау мен медиаторлардың көмегін ұсынады.
Медициналық пойыздың қозғалыс кестесі: www.medpoezd.kz
19.05.2025