«Жәрдем» медициналық пойызының дәрігерлері Түркістан облысының тұрғындары арасында бірқатар созылмалы ауруларды анықтады

/ / БАҚ бiз туралы

«Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы еліміздің шалғай станцияларын аралауды жалғастыруда. Бұл жолы медициналық кеңес пен алғашқы медициналық көмек алу үшін мамандандырылған медициналық пойыз мамандарына Түркістан облысының тұрғындары жүгінді.

Бүгінгі күні «Жәрдем» консультациялық-диагностикалық пойызының дәрігерлерімен Түркістан облысының 10 бекетінің тұрғындары қаралды, 4430 тұрғын тексерілді, оның ішінде 779 бала. Барлығы 19 393 дәрігерлік қабылдау тіркелген. 28 шағын хирургиялық ота жасалған.

Терапевт/педиатрдың қабылдауында 4430 пациент болған, хирург 1001 адамды, уролог 800 адамды қабылдаған. Офтальмологтың қабылдауына – 1205 адам, ЛОР – 2706 адам, гинекологқа – 915 және тіс дәрігеріне – 1829 адам келген. Пойыз жұмысының барысында 1327 ЭКГ, 32 ФГДС, 1551 УДЗ (УЗИ), 715 флюорография жасалған.

«Түркістан облысының тұрғындары арасында жиі кездескен аурулардың қатарында: тірек-қимыл жүйесінің аурулары, жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары, аяқ қан тамырларының аурулары мен тыныс алу жүйесінің аурулары бар. Балалардың арасында бас сүйек ішіндегі гипертензия, халязион (қабақтың қабынуы), коньюктивит, кариес, іріңді пульпит, бойлық көлденең жалпақ табандылық секілі аурулар жиі кездесті», – деп атап өтті Түркістан облысы бойынша бригаданың бас дәрігері Кенжеболат Бакиров.

Медициналық пойыз мамандары қабылдау барысында тұрғындарға аурудың алдын алу бойынша және дұрыс тамақтану бойынша кеңестер беріп отырды.

Медициналық бригада құрамына адам ағзасының барлық мүшелерінің ауруларын алдын алу мен толық тексерістен өткізу үшін барлық мамандар кіреді. Құрамда терапевт, педиатр, гинеколог, xирург, ЛОР, кардиолог, невропотолог, офтальмолог, уролог, онколог-маммолог, стоматолог сияқты мамандар жұмыс істейді.

Осылайша медициналық пойыз мамандарының арқасында сапалы медициналық консультациялар шалғай аймақтардың тұрғындарының денсаулығын бақылаудың қол жетімді әдісіне айналды.

«Біз отбасымызбен осы медпойыз мамандарына тексерілуге келдік, УДЗ мен ЭКГ өттік. Терапевт, ЛОР және окулист дәрігерлерінде болдық. Дәрігерлердің арқасында уақытында бұрын өзім білмейтін аурудың бар екенін білдім», – дейді Сайрам ауданының тұрғыны Жанат Бейсенбекова.

Қазіргі уақытта медициналық пойыз Қызылорда облысында, алдағы уақытта ол 13 станцияның тұрғындарына медициналық қызмет көрсететін болады. Барлығы пойыз бағдарына 6 облыс кіреді: Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстары.

Естеріңізге сала кетсек, «Жәрдем» медициналық пойызы 2019 жылдың 20 тамызында іске қосылған болатын. Ол «Денсаулық» пойызымен бірге медициналық көмекке қолы жетпейтін шалғайдағы станциялар мен жақын орналасқан ауылдардың тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсетеді. «Денсаулық» пойызы Атырау облысында жұмысын жалғастыруда.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және «ҚТЖ» ҰК» АҚ жанындағы Әлеуметтік жобалар қорымен бірге, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ат салысуымен жүзеге асырылып жатыр. Пойыз кестесімен www.medpoezd.kz және www.sk-trust.kz/ru ресми сайттарында таныса

http://alashinform.kz/kz/lentanews/10161-zhrdem-medicinaly-poyyzyny-drgerler-trkstan-oblysyny-tryndary-arasynda-bratar-sozylmaly-aurulardy-anytady.html