Шығыс Қазақстан облысы 18 шалғай бекетінің тұрғындары “Денсаулық” пойызының арқасында тегін медициналық көмек алады

/ / Жаңалықтар

         «Медициналық пойыз» жобасы еліміздің барлық өңірлері бойынша өз сапарын жалғастыруда. Бүгінге дейін пойыз Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының шалғай бекеттерін аралады. Бағдар бойынша келесі Павлодар облысы.  Күн санап тегін медициналық қызмет пен ем алған шалғай станция тұрғындарының саны артуда.

         6 маусым пойыз Шығыс Қазақстан облысының шалғай бекеттерін аралап, 10 күннің ішінде 18 елді мекеннің тұрғындарына медициналық қызмет көрсетті.   Медициналық пойызға барлығы 9692 адам көрінді, 2939 адам толық тексеруден өтті, олардың 455 бала, 309 шағын xирургиялық ота жасалып, 103 – ФГДС процедурасы, 1065 – УДЗ мен 518 – флюорография жасалды. Дәрігерлердің мәліметінше тұрғындар ең көп жүгінген мамандар ол: кардиолог – 1117 адам қаралған, ЛОР – 1146 адамды тексерген, терапевт – 1454 адамды қабылдаған.

        Бүгін, 7 шілде, медициналық пойыз Павлодар облысына аттанады. Онда 10 күннің ішінде 10 елді мекенді аралайтын болады.  Одан кейін пойыз солтүстік, батыс өңірлерге бет алып, сапарын

Оңтүстік Қазақстанда аяқтайды.

        Медициналық пойызда тексерістен еліміздің кез келген тұрғыны өте алады. Пациенттердің ыңғайлығы үшін балаларға арналған ойын алаңдары да қарастырылған.  Медициналық пойыздың тағы бір міндеті – ол ешқандай сырқаты мен денсаулық жағдайына шағымдары жоқ тұрғындарға да диагностика қызметтерін көрсету. Мамандардың айтуы бойынша, көбінесе мұндай диагностикалар ауыр сырқат түрлерін анықтауға себеп болып жатады. 

       Естеріңізге сала кетсек, 29 сәуір Қазақстанда “Медициналық пойыз” жобасы өз жұмысын бастады. Оның мақсаты еліміздің шалғай аудандарын тегін медициналық қызметпен қамтамасыз ету. 

       Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ат салысуымен жүзеге асырып жатыр.  Медициналық пойыз сапалы медициналық қызмет алуға мүмкіндігі жоқ шалғайдағы бекеттер мен ауыл тұрғындары үшін алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететіндігін ерекше атап өткен жөн. Пойыз неміс және жапон өндірісінің алдыңғы қатарлы фирмаларының заманауи диагностикалық құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Аппаратуралар пациенттерге қажет болған жағдайда толық жалпы және биохимиялық талдаулар жасауға, ренгенография және флюрографиядан өткізуге, ішкі органдарға және қан тамырларына УДЗ-зерттеулер жүргізуге, электрокардиограмма, гастрофиброскопия жасауға және басқа да диагностикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

        Пойыз кестесімен www.medpoezd.kz және www.sk-trust.kz/ru ресми сайттарында таныса аласыз.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс нөміріне хабарласуға болады: PR Менеджер Нұржайнат +7 701 222 39 90, E-mail: prmedpoezd@gmail.com