Шалғай аудандарындағы тұрғындар мамандандырылған пойыздарда медициналық көмек ала алады

/ / БАҚ бiз туралы

Бүгін Қазақстанның шалғай аудандарын тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ететін медициналық пойыз өз жұмысын бастады. Жобаны «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ көмегімен «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырады.

Биылғы жылы медициналық пойыз өз жұмысын Алматы қаласынан бастайды және Қазақстанның барлық аймақтарына барады. «Samruk-Kazyna Trust» Қорының Бас директоры Диас Әзбергенов пойыздың жұмыс кестесі және жобаның мерзімі жайлы атап өтті.

«Биылғы жылы біз баратын облыстардың санын арттырдық. Пойыз 14 облысты аралай отырып, 21 желтоқсанға дейін жолда болады. Медициналық пойыз кестесіне сәйкес бірінші болып Алматы облысының тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіледі. Осы өңірден соң пойыз Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына бағыт алады. Бұдан әрі «Денсаулық» пойызының батыс өңірлерге алған бағыты оңтүстікке жалғасады да, Жамбыл облысында өз бағдарын аяқтайды. Жалпы алғанда пойыз 195 бекетті айналып өтеді, ал жалпы жүріп өту қашықтығы 19 000 км-ден асады», — Диас Әзбергенов атап өтті.

Медициналық пойыздар еліміздің шалғай елді мекендерінің және жақын ауылдардың тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсетеді. Аталмыш жоба еліміздің шалғайдағы барлық тұрғындарын тегін медициналық көмекпен қамтамасыз етеді.

Пойыз неміс және жапон өндірісіндегі жетекші фирмалардың заманауи диагностикалық жабдықтарымен жабдықталған. Жабдықтар келушілерге қажет болған жағдайда толық жалпы және биохимиялық анализдер, рентгенография және флюрографияны, ішкі ағзалар мен тамырларды УДЗ-зерттеулерін, электрокардиограмманы, гастрофиброскопияны және диагностикалық зерттеулердің басқа да түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді. Пойыздардың жүру кестесін www.medpoezd.kz және www.sk-trust.kz/ru сайттарында бар.

Айта кеткен жөн, медициналық бригадалардың құрамында терапевттер, тіс дәрігерлері, окулистер, маммологтар және басқа да мамандар бар. Жоба жұмысы барысында кезекпен 10 медициналық бригада іске қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Медициналық пойыздар» жобасын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры»-мен бірлесе 2010 жылдан бастап жүзеге асырды. Оның жұмысына еліміздің 9 аймағы — Алматы, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтитын «Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» екі Денсаулық пойызы тартылды.

Спикер, Әзбергенов Дияс Сержанұлы «Samruk-Kazyna Trust» КҚ Бас директоры:

Қайырлы күн, құрметті әріптестер!

Бүгін біз «Денсаулық» Медициналық пойызы жобасын іске қосамыз. Пойыз Қазақстанның шалғай бекеттерінің тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетеді.

«Samruk-Kazyna Trust» Қоры бұл жобаны Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының атынан жүзеге асырады.

Медициналық пойыз жобасының жүзеге асырылуы біз үшін өте маңызды.

Өкінішке орай, Қазақстанның шалғай аудандарының тұрғындары сапалы, уақытылы және тегін медициналық көмекке қол жеткізе алмайды.

Пойыз тұрғындарға сапалы және жедел диагностика жасауға мүмкіндік беретін заманауи медициналық құралдармен жабдықталған. Жоба аясында әрбір адам медициналық көмек ала алады.

Пойыз бүгін Алматы қаласынан бастау алып, 21 желтоқсанға дейін жүретін болады. Биылғы жылы біз баратын облыстардың санын арттырдық, пойыз Қазақстанның барлық өңірлерінің 195 бекетін аралап шығады.

Медициналық пойыз кестесіне сәйкес бірінші болып Алматы облысының тұрғындарына тегін медициналық көмек

көрсетіледі. Осы өңірден соң пойыз Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына бағыт алады. Бұдан әрі Орталық Қазақстан бекеттерінің тұрғындарына қызмет көрсете отырып, пойызымыз батыс өңірлерге алған бағыты оңтүстікке жалғасады да, Жамбыл облысында өз бағдарын аяқтайды.

Жалпы жол жүріп өту қашықтығы он тоғыз мың километрден астам (19 093 км). Пойыз кестесі www.medpoezd.kz және www.sk-trust.kz/ru сайттарында қол жетімді.

Өткен жылдардың тәжірибесі негізінде жинақталған медициналық бригадалардың құрамында он бағыт бойынша мамандар жұмыс істейді: терапевт, тіс дәрігері, окулист, маммолог және басқа да мамандар. Жоба жұмысы барысында кезекпен 10 медициналық бригада жұмыс істейді.

Өткен жылы медициналық пойызбен 124 бекеттің 42 мыңнан астам (42 306) тұрғыны тексерілді.

Биылғы жылы біз медициналық көмекпен 60 мыңға жуық адамды қамтуды жоспарлап отырмыз.

Жобаның барлық аралық нәтижелері, мүмкін болатын бірегей жағдайлар туралы сіздерге хабарлап отыратын боламыз. Ал жылдың соңында аяқтау қорытындысы бойынша біз міндетті түрде баспасөз-конференциясын өткіземіз және барлық нәтижелер туралы айтатын боламыз!