«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 14 күнде Батыс Қазақстан облысының 2780 (оның ішінде 275 бала) тұрғынын қабылдады

/ / Жаңалықтар

«Саламатты Қазақстан» медицицналық пойызы Батыс Қазақстан облысындағы жұмысын аяқтады. Пойыз осы өңірдегі жұмысын 12 қазанда Шыңғырлау бекетінен бастаған болатын. Жылжымалы медицина бригадасы дәрігерлерінен Батыс Қазақстан облысының шалғайда орналасқан 7 темір жол бекеті мен жол айырықтарының тұрғындары көмек ала алды, олар: Шыңғырлау, Амангелді, Алғабас, Жайық, Переметная, Семиглавый Мар.

14 күнде 2780 адам, олардың ішінде 275 бала тиісті тегін тексеруден өтті. Науқастарға қажетті алғашқы көмек көрсетіліп, кәсіби кеңес берілді, тістері емделіп, жақын жердегі медицина орталықтарында ары қарай емделуге жолдама берілді. Батыс Қазақстан облысының 1078 тұрғынына стоматологиялық көмек көрсетілді. Осы аймақтағы жұмыс барысында  7327 дәрігерлік қабылдау тіркеліп, 2295 диагностикалық шара жасалды, олардың қатарында ультра-дыбыстық зерттеу, рентгенография, ЭКГ бар.

Медициналық пойыздың 8 вагонында да науқастарды толық тексеруге, шағын амбулаториялық оталарды жасауға, емдеу кабинеттерінің қызметтерін көрсетуге толық жағдай жасалған және олар зертханалар мен диагностика кабинеттерімен жабдықталған, сонымен қатар онда персоналдың жайлы жол жүруіне барлық мүмкіндік бар. Медицина бригадасының құрамында Батыс Қазақстан облыстық темір жол ауруханасының бірінші және жоғары санаттағы дәрігерлері бар.

«Cаламатты Қазақстан пойызының дәрігерлер тобы шалғай елді мекендердегі тұрғындарға медициналық кеңестік диагностикалық көмекті Шыңғырлау бекетінен бастап Семиглавый Мар бекетіне дейінгі аралықта көрсетті. Дәрігерлер тобының құрамында кардиолог, терапевт, онколог, уролог, хирург, тіс дәрігері, гинеколог және бала дәрігері бар. Елді мекендерде 2700ден астам тұрғынды қабылдадық. Негізгі қабылдаушылардың арасында жиі кездесетін ауруларға тоқталатын болсақ, олар қаң тамырлары, жүрек, асқазан мен бүйрек аурулары. Анықталған ауруларға сәйкес кеңестік диагностикалық емдеу шараларын уақытылы беріп тұрдық», – дейді пойыздың бас дәрігері Рахатов Ұлықпан.

 

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы өз жұмысын 2017 жылы 13 сәуірде Қарағанды облысының Жезқазған бекетінен бастады, жыл соңына дейін пойыз Қазақстанның орталық, солтүстік, батыс және шығыс аймақтарындағы темір жол бекеттеріне барады. Кесте бойынша, пойыз енді Батыс Қазақстан облысына барады.

Медицина пойызы дәрегерлер бригадасының бекеттердегі жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс  сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Дәрігерлердің демалыссыз жұмыс істейтінін, барлық қызметтердің тегін көрсетілетінін естеріңізге саламыз.

Жобаны жүзеге асырушылар:  «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік жобалар қоры, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазпошта» АҚ, Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі аймақтық басқару органдарының қолдауымен.

Жоба жаңалықтары, баратын бағыттары, фото- және видео-материалдар www.medpoezd.kz сайтында.

Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 76 98 56, 76 90 19, +7 701 526 3050, e-mail: media@askredpoint.com

Анықтама:

Мамандандырылған медицина пойыздары – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арасындағы медициналық қамтамасыздандыру мәселесі бойынша өзара әрекеттесу меморандумының аясында 2010 жылдың 9 наурызынан бастап жүзеге асырылған жоба.

«Денсаулық» пойызы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық байқауында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша жеңімпаздардың бірі болды, сондай-ақ 2010 жылы «Қазақстандағы Жыл таңдауы №1» халықаралық фестивалінде Қазақстандағы үздік әлеуметтік-жауапкершілік жобасы атанды.