12 сәуір 2017 жыл,  Жезқазған қаласы.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Жезқазған қаласының темір жол станциясында бірінші аялдама жасады. Медицина бригадасы ниет білдірген барлық жанды 15 сәуірге дейін қабылдайды.

«Саламатты Қазақстан» пойызы Қарағанды қаласынан шықты және 11.04.2017 жылдан 06.11.2017 жылға дейін, Қазақстанның орталық, солтүстік және шығыс аймақтарындағы шалғай елді мекендерге барады. Келесі аялдама – Қарсақпай станциясы, пойыз мұнда 2017 жылғы 16 – 18 сәуір аралығында болады.

Қала мен оған іргелес елді мекендердің тұрғындары сырқатын анықтау үшін тексеруден өтіп, алғашқы қажетті көмек, кәсіби кеңес және жақын жердегі медицина орталықтарында ары қарай емделуге жолдама алады.

Медициналық пойыз құрамында тексерудің толық циклын, амбулаториялық операцияларды, процедуралық кабинет қызметтерін өткізуге барлық жағдай жасалған, зертханалар мен диагностика кабинеттерінен тұратын 8 вагон бар. Медицина бригадалары келесі мамандықтар бойынша бірінші және жоғары санаттағы дәрігерлермен жасақталған: терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог

Барлық пойыздар заманауи диагностикалық қондырғылармен жабдықталған, соның ішінде компьютерлік тыныс өлшеу жүйесі, эхоэнцефалограф, видеогастрофиброскоп, диагностикалық жүктеме тестілерін өткізуге арналған, құрамында велоэргометр, кардиограф және мәліметтерді өңдеудің компьютерлік жүйесі бар кардиологиялық бақылау жүйесі, сондай-ақ неміс және жапон өндірушілерінің жетекші фирмаларының рентген-, стоматологиялық, ЛОР- және офтальмологиялық қондырғыларымен жабдықталған. Бұл жабдықтар науқастарға cito режимінде қаны мен  несебінің толық ашылған жалпы және биохимиялық анализдерін, рентгенографиясын және флюрографиясын, ішкі ағзалар мен тамырларының УДЗ-зерттеулерін, электрокардиограммасын, велоэргометриясын, гастрофиброскопиясын, компьютерлік спирографиясын, эхоэнцефалографиясы мен басқа да диагностикалық зерттеу түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді.

Халыққа арналған медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділік деңңгейін көтеру – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі. Мамандандырылған медициналық пойыздар бірнеше жылдан бері алыс аудандардың тұрғындарының өз денсаулығын нығайтуына жәрдем беріп келеді және осы мәселені сәтті шешуде. 2010 жылдан бері медицина пойыздарының мамандары 1052 станцияның тұрғынын, яғни 300 мыңнан астам адамды тексеруден өткізді, бұлардың үштен бірі – балалар. Көптеген науқастар ұзақ жылдар бойы қаралмай жүріп, көлік медицинасын дамытудың арқасында дәрігерлердің назарына түсті. Айта кетерлік маңызды жайт, дәрігерлер көптеген өткір, әрі созылмалы ауруларды, онкологиялық ауруларды және туберкулезді бастапқы сатысында анықтады.

Жобаның жүзеге асырылуы:  «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік жобалар қоры, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазпошта» АҚ, Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі аймақтық басқару органдарының қолдауымен.

Жоба жаңалықтары, баратын бағыттары, фото- және видео-материалдар www.medpoezd.kz сайтында.

Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 76 98 56, 76 90 19, +7 701 937 3493, e-mail: media@askredpoint.com

Анықтама:

Мамандандырылған медицина пойыздары«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арасында 2010 жылы 9 наурызда жасалған, медициналық қамсыздандыру мәселелерінде өзара жұмыс істеу туралы меморандум аясында жүзеге асырылған жоба.

«Денсаулық» пойызы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық байқауында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша жеңімпаздардың бірі болды, сондай-ақ 2010 жылы «Қазақстандағы Жыл таңдауы №1» халықаралық фестивалінде Қазақстандағы үздік әлеуметтік-жауапкершілік жобасы атанды.

Жоғары