«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының дәрігерлері 14 күнде Ақмола облысының 2570 тұрғынына медициналық көмек көрсетті

/ / Жаңалықтар

Осы аптада «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының соңғы жұмыс аялдамасы  Ақмола облысы болды.

13 бекет пен жол айырық тұрғындары жылжымалы темір жол емханасы дәрігерлерінің тексеруінен өтті. Науқастардың жалпы саны 2570 адам, олардың ішінде 341 бала. 6482 дәрігерлік қабылдау тіркеліп, 3112 диагностикалық іс-шара, 66 шағын амбулаториялық ота жасалды. 358 әйел маммологтың тексеруінен өтті. 336 тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы осы аймақтағы жұмысын Тастақ бекетінен бастаған болатын. Ақмола облысындағы жұмыс барысында пойыз құрамы Тастақ, Қараадыр, Атбасар, Красивый-Казахский, Белоградов, Ақсуат, Қайранкөл, 1-Целинная, Көкшетау-2, Приречный, Қиялы, Жасыл, Елтай бекеттерінде болды.

Медицина құрамының сегіз вагонында науқастарды толық тексеруге, амбулаториялық оталарды жасауға, емдеу кабинеттерінің қызметтерін көрсетуге толық жағдай жасалған және олар зертханалар мен диагностика кабинеттерімен жабдықталған, сонымен қатар онда персоналдың жайлы жол жүруіне барлық мүмкіндік бар. Медицина бригадасының құрамында Ақмола темір жол ауруханасының бірінші және жоғары санаттағы дәрігерлері бар, олар: терапевт, педиатр, кардиолог, невропатолог, гинеколог, хирург, стоматолог, УДЗ диагностика дәрігері және шақыртылған дәрігерлер – офтальмолог, рентгенолог врач-эндоскопист бар.

«Жарты жыл жұмыс істеген уақытында «Саламатты Қазақстан» пойызы шалғайдағы темір жол бекеттерінің 31383 тұрғынына медициналық көмек көрсетті.  Пойыз Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарына барды. Медицина бригадасының құрамында «Апаттар медицинасының темір жол госпиталі» АҚ облыстық филиалдарының бірінші және жоғары санаттағы 200-ден астам дәрігері мен көмекші қызметкерлері (мейірбикелер, бағдарламашылар, операторлар) еңбек етті. «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ, «Қазпошта» АҚ аймақтық бөлімшелерінің және ҚР Ішкі істер министрлігі аймақтық басқару органдарының қызметкерлеріне алғыс айтамыз, жыл сайын осы серіктестеріміз жұмыстарын тыңғылықты орындайды, бұл медицина пойыздарының аймақтарда сәтті жұмыс істеуі үшін аса маңызды», – деп «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорының директоры Ербол Кеңгірбаев атап өтті.

Пойыздағы дәрігерлер кабинеттерінің жұмыс уақыты – 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыссыз, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Барлық ем-дом мен дәрігерлер кеңесі тегін.

«Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» пойыздарының жүретін бағытымен толығырақ  www.medpoezd.kz сайтында танысуға болады.

Жобаны жүзеге асырушылар:  «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік жобалар қоры, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазпошта» АҚ, Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі аймақтық басқару органдарының қолдауымен.

Жоба жаңалықтары, баратын бағыттары, фото- және видео-материалдар www.medpoezd.kz сайтында.

Жобаның Facebook желісіндегі ресми парақшасы – https://www.facebook.com/medpoezd/,

Instagram – @medpoezd.kz

Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 76 98 56, 76 90 19, +7 701 526 3050, e-mail: media@askredpoint.com

Анықтама:

Мамандандырылған медицина пойыздары – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арасындағы медициналық қамтамасыздандыру мәселесі бойынша өзара әрекеттесу меморандумының аясында 2010 жылдың 9 наурызынан бастап жүзеге асырылған жоба.

«Денсаулық» пойызы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық байқауында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша жеңімпаздардың бірі болды, сондай-ақ 2010 жылы «Қазақстандағы Жыл таңдауы №1» халықаралық фестивалінде Қазақстандағы үздік әлеуметтік-жауапкершілік жобасы атанды.