«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қостанай облысындағы жұмысын аяқтады

/ / Жаңалықтар

16 қыркүйекте «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қостанай облысындағы Тоғызақ бекетіне соңғы жұмыс аялдамасын жасады да, Ақтөбе облысына бет алды.

2017 жылғы 27 тамыз бен 16 қыркүйек аралығында осы аймақта жұмыс істеген пойыздың медциналық бригадасы 12 темір жол бекетінің тұрғындарын қабылдады. Барлығы 4153 адам тексеруден өтсе, олардың 353-і балалар болды. 20765 дәрігерлік қабылдау болып, 15525 диагностикалық іс-шара жасалды. 545 тұрғынға стоматологиялық көмек беріліп, маммологтар 716 әйелге көмек көрсетті.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы осы аймақтағы жұмысын 27 тамызда Есіл бекетінен бастады. Осы аймақтағы Есіл, Фурманов, Ковыльная, Челгаши, Құсмұрын, Аманқарағай, Денисов, Жетіқара, Баталы, Лисаковск, Жаркөл, Тоғызақ бекеттерінің тұрғындары дәрігерлердің көмегін пайдалана алды.

Медициналық құрамның сегіз вагонында науқастарды толық тексеруге, шағын амбулаториялық ота жасауға, емдеу кабинеттерінің қызметтерін көрсетуге толық жағдай жасалған және зертханалар мен диагностика кабинеттерімен жабдықталған. Медицина бригадасының құрамында келесі мамандықтар бойынша бірінші және жоғары санаттағы дәрігерлері бар, олар: терапевт, педиатр, кардиолог, невропатолог, гинеколог, хирург, тіс дәрігері, УДЗ диагностикасының дәрігері мен арнайы шақыртылған дәрігерлер – офтальмолог, рентгенолог және эндоскопист-дәрігер бар. Жазда және жылы айларда медицина пойызының жұмысы барысында  балаларға арналған ойын алаңдары жұмыс істеді.

«Саламатты Қазақстан» пойызының жолы Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары арқылы өтеді. Пойыз бұл аймақтарға бекітілген кесте бойынша 2017 жылғы 6 қарашаға дейін барады.

Қостанай аймағындағы жұмысын аяқтаған соң, «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Ақтөбе облысына бет алды, пойыз 17 қыркүйекте Аққұдық бекетінің тұрғындарын қабылдап, мұндағы жұмысын бастап та кетті. Ары қарай, пойыз кесте бойынша Кемпірсай (18,19 қыркүйек), Тоқмансай (20,21 қыркүйек), Жарлы (22, 23, 24 қыркүйек), Қарауылкелді (25, 26, 27 қыркүйек), Темір (28,29 қыркүйек), Шоқысу (30 қыркүйек), Мұғалжар (1-3 қазан), Тамды (4, 5, 6 қазан), Бестамақ (7, 8, 9 қазан) бекеттеріне барады.

Медицина пойызы дәрегерлер бригадасының жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыссыз, түскі үзіліс  сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Дәрігерлердің барлық қызметтері мен кеңестері тегін көрсетіледі.

«Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» пойыздарының жүру кестесімен www.medpoezd.kz сайтында танысуға болады.

Жобаны жүзеге асырушылар:  «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік жобалар қоры, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазпошта» АҚ, Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі аймақтық басқару органдарының қолдауымен.

Жоба жаңалықтары, баратын бағыттары, фото- және видео-материалдар www.medpoezd.kz сайтында.

Жобаның ресми парақшалары: Facebook – https://www.facebook.com/medpoezd/, Instagram – @medpoezd.kz

Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады:

8 (7172) 76 98 56, 76 90 19, +7 701 526 3050, e-mail: media@askredpoint.com

Анықтама:

Мамандандырылған медицина пойыздары – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арасында 2010 жылы 9 наурызда жасалған, медициналық қамсыздандыру мәселелерінде өзара жұмыс істеу туралы меморандум аясында жүзеге асырылған жоба.

«Денсаулық» пойызы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық байқауында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша жеңімпаздардың бірі болды, сондай-ақ 2010 жылы «Қазақстандағы Жыл таңдауы №1» халықаралық фестивалінде Қазақстандағы үздік әлеуметтік-жауапкершілік жобасы атанды.