22 мамыр 2017 жыл, Қарағанды облысы.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қарағанды облысында 38 күн болып, осы аймақта өз жұмысын аяқтады.

Аталмыш аймақта жұмыс істеген уақытында пойыз облыстағы темір жол бекеттеріне 27 жұмыс аялдамасын жасады, осы уақытта медицина пойызының мамандары Қарағанды облысыынң 6880 тұрғынын тексеруден өткізсе, олардың 1670-і балалар болды. Тұрғындар дәрігердің алдына 30 мыңнан астам мәрте келді. 32331 диагностика жасалды, олардың ішінде УДЗ, рентген, ЭКГ және басқа да тексеру түрлері бар, сонымен қатар 158 шағын амбулаториялық ота жасалды. 1743 тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді.

12 сәуірде «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы өз жұмысын Қарағанды облысында бастады. Осы аймақта жұмыс істеген уақытта Жезқазған, Қарсақпай, Байқоңыр, Қоскөл, Теректі, Түйемойнақ, Шұбаркөл, Терісаққан, Қызылжар, Жеңіс, Жомарт, Мыңадыр, Қаражал, Көктенкөл, Жарық, Нілді, Босаға, Киік, Сарықұм, Орта-Дересін, Ақжайдақ, Дәрия, Көкпекті, Шоқай, Карағайлы, Бүркітті, Ащысу бекеттерінің тұрғындары дәрігерлерден көмек алды.

Пойыз жолындағы барлық бекеттер мен жақын елді мекендердің тұрғындары денсаулықтарын тексерту үшін біліктілігі жоғары дәрігерлердің тексеруінен тегін өтіп, қажетті алғашқы көмек, кәсіби кеңес және жақын жердегі медицина орталықтарынан ары қарай емделуге жолдама алды.

«Саламатты Қазақстан» медицина пойызы сегіз вагоннан тұрады, оларда науқастарды толық тексеруге, амбулаториялық оталарды жасауға, емдеу кабинеттері қызметтерін көрсетуге толық жағдай жасалған және олар зертханалар мен диагностика кабинеттерімен жабдықталған. Медицина бригадасының құрамында «Қарағанды Темір жол ауруханасының Апаттар медицинасы темір жол госпиталі» АҚ-ның келесі мамандықтар бойынша бірінші және жоғары санаттағы дәрігерлері бар, олар: терапевт, педиатр, кардиолог, невропатолог, гинеколог, хирург, стоматолог, УДЗ диагностика дәрігері және шақыртылған дәрігерлер – офтальмолог, рентгенолог, врач-эндоскопист бар.

«Науқастарға тегін медициналық қызмет көрсетіліп, кәсіби кеңестер және жақын арадағы медицина орталықтарында ары қарай емделуге жолдама берілді. Ең маңыздысы – біздің балаларды да емдейтініміз. Жергілікті тұрғындар пойыздарымызды қуана қарсы алуда, балалар да дән риза, оларға арнап біз пойыз келген сәтте ойын-сауық аттракциондарын орнатамыз», - деп «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Әлеуметтік жобалар қоры» Корпоративтік қорының директоры Ербол Кеңгірбаев атап өтті.

Қарағанды облысы ТЖ Департаментінің қызметкерлері пойызды жолға дайындауға белсене қатысты. Пойыздар мен бекеттердің өртке қарсы қауіпсіздігі қамтамасыз етілді және медицина пойызының қызмектерлері төтенше жағдайларда жасалатын әрекеттер жаттығуын және техникалық қауіпсіздікті сақтау нұсқаулығын жүргізді.

«Саламатты Қазақстан» пойызы Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарын аралайды. Пойыз бұл аймақтарға бекітілген кесте бойынша 2017 жылғы 6 қарашаға дейін барады.

«Саламатты Қазақстан» медпойызы Шығыс Қазақстандағы өз жұмысын Таңсық бекетінен бастайды, мұнда ол 2017 жылы 22 мамырда келеді. Ары қарай, пойыз Үшбиік (23.05), Жарма (24-25.05), Жаңғызтөбе (26-27.05) және Шар (28-30.05) бекеттеріне барады.

Пойыздың жұмыс кестесі – күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыссыз, түскі үзіліс  сағат13.00-ден 14.00-ге дейін

«Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» пойыздарының жүру кестесімен www.medpoezd.kz. сайтында танысуға болады.

Жобаны жүзеге асырушылар:  «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік жобалар қоры, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазпошта» АҚ, Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі аймақтық басқару органдарының қолдауымен.

Жоба жаңалықтары, баратын бағыттары, фото- және видео-материалдар www.medpoezd.kz сайтында.

Жобаның ресми парақшалары: Facebook – https://www.facebook.com/medpoezd/, Instagram - @medpoezd.kz

Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 76 98 56, 76 90 19, +7 701 526 3050, e-mail: media@askredpoint.com

Анықтама:

Мамандандырылған медицина пойыздары – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арасында 2010 жылы 9 наурызда жасалған, медициналық қамсыздандыру мәселелерінде өзара жұмыс істеу туралы меморандум аясында жүзеге асырылған жоба.

«Денсаулық» пойызы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық байқауында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша жеңімпаздардың бірі болды, сондай-ақ 2010 жылы «Қазақстандағы Жыл таңдауы №1» халықаралық фестивалінде Қазақстандағы үздік әлеуметтік-жауапкершілік жобасы атанды.

Жоғары