«Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» атты медициналық пойыздары өз жұмысын бастайды

Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Әлеуметтік жобалар қоры» мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының «Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойыздарының жұмысы басталғаны туралы баспасөз конференциясы өтті.

Құрамдардың жүру бағыты мен дәрігерлер бригадасы көрсететін қызметтері туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Әлеуметтік жобалар қоры» ұжымдық қорының директоры Ербол Кеңгірбаев, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының Басқарушы директоры Лима Диас, «Апаттық медицина теміржол госпиталі» АҚ басқарма төрағасы Әбділманов Ғабылнұр айтып кетті.

Жобаның арқасында станциялар мен оларға іргелес жатқан елді мекендердің халқы науқастың алдын алу үшін медициналық алдын ала  тексеруден өтеді, қажетті алғашқы көмек, кәсіби консультация мен әрі қарай емделу үшін жақын орналасқан медициналық орталықтарға жолдамалар алады.

Бұдан бұрын Елбасы Н.А. Назарбаев медициналық пойыздардың жұмысын жоғары бағалап, көліктік медициналық қызмет көрсетудің өзектілігін баса атап өткен болатын.

Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінің халқы 2017 жылғы 18 сәуірден бастап 2017 жылғы 20 желтоқсан аралығы кезеңінде «Денсаулық» пойызының жүріп өткен жолы бойынша жоғары біліктілікті медициналық көмек ала алады.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қарағанды қаласынан аттанады және 2017 жылғы 11 сәуірден бастап 2017 жылғы 6 қараша аралығында орталық, солтүстік, шығыс өңірлерінің қалалары мен кеңшарларына барады.

Дәрігерлер бригадасының құрамында терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, лор, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог сияқты негізгі бағыт мамандары бар. Медициналық пойыз қызметтерін Қазақстанның шалғайдағы елді мекендерінің медициналық көмекке мұқтаж тұрғындары, теміржол қызметкерлері мен зейнеткерлер және олардың отбасы мүшелері пайдалануға мүмкіндіктері бар.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік жобалар қоры ұжымдық қорының директоры Ербол Кеңгірбаев медициналық пойыздар жұмысын ұйымдастыру барысына толық тоқталып кетті: «Ұжымдық қор пойыздардың қозғалысын, оларға күтім жасалуы мен жөнделуін ұйымдастырады, пойыздар, жабдықтар мен қызметшілерінің күзетілуін ұйымдастырады, дәрігерлер мен пойыз бригадаларын тамақпен қамтамасыз етеді. ТЖ комитеті дәрігерлер мен жабдықтар қызметіне жауапты. Пойыздардың қозғалыс кестесі азаматтардың өтінімі мен мемлекеттік органдар сұраулары негізінде шалғайдағы станцияларда медициналық пункттердің болмауын ескере отырып жасалады. Сондай-ақ ҚТЖ қай облыстарда және медициналық пойыздардың қаншалықты қай уақытта болғанына талдау жүргізеді. Әр медициналық пойыз көп бейінді мамандандырылған консультативтік-диагностикалық көмек көрсету үшін арнайы жабдықталған, сондай-ақ медициналық персоналдың тұруына арналған сегіз вагоннан тұрады. Медициналық персонал мен пойыз бригадасына арналған екі вагон-купеде ауа баптағыштар, теледидарлар, тоңазытқыштар, себезгі, био-дәретханалар мен кір жуу орны орнатылған. Сондай-ақ вагон-ресторан мен вагон-дизельді генераторы бар. Оның күші ТЖ жағдайында шағын тұрғылықты елді мекендерге жарық беруге жеткілікті. Қалған төрт вагон тек халықты қабылдауға және медициналық көмек көрсетуге арналған. Бұл жағдайда дәрігерлерге арналған жайлы вагондар, пойыздардың жолда жылына 300 күн болуына орай жабдықталған».

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры Лима Диас былай деп атап өтті: «Халыққа арналған медициналық қызмет сапасы мен қолжетімділігін арттыру – мемлекеттің басым міндеттерінің бірі. Мамандандырылған медициналық пойыздар бірнеше жыл богйына шалғайдағы аудандар халықтарының өз денсаулықтарына күтім жасауларына көмектесіп, осы мәселені жемісті шешіп келеді. 2010 жылдан бері медициналық пойыздар мамандары 1052 станция тұрғындарын қарады, бұл 300 мыңнан астам адам, олардың ішінде үштен бірі – балалар. Көліктік медицинаның дамуына орай, көптеген пациенттер ұзақ жылдар ішінде дәрігерлер қарауына алғаш рет келді. Аурудың алдын алған дәрігерлер созылмалы, қатерлі ісіктер мен туберкулездің басталған мезетін айқындап алуы маңызды».

Жобаны іске асыру:  «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік жобалар қоры, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазпошта» АҚ, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Ішкі істер министрлігі өңірлік атқарушы органдардың қолдауымен іске асырылады.

Жоба жаңалықтары, жүру бағдарлары, фото және бейне материалдар – www.medpoezd.kz сайтында.

Қосымша ақпарат алу үшін: 8 (7172) 76 98 56, 76 90 19, +7 701 526-30-50 телефондарына, e-mail: media@askredpoint.com хабарласыңыз.

 

Анықтамалық:

Мамандандырылған медициналық пойыздар – «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы» АҚ мен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі арасында 2010 жылғы 9 наурызда бекітілген медициналық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі Мемонардум аясында іске асырылған жоба.

«Денсаулық» пойызы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша "Парыз" республикалық конкурсының «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясында және 2010 жылы «Қазақстандағы № 1 жыл таңдауы» халықаралық фестивалінде Қазақстанның үздік әлеуметтік-жауапты жобасы болып танылды.

Барлық пойыздар заманауи диагностика және емдеу жабдығымен жарақталған (компьютерлік спирометриялық жүйе, эхоэнцефалограф, бейнегастрофиброскоп, кардиологиялық мониторлық жүйе, рентген-, стоматологиялық, ЛОР- және офтальмологиялық заманауи жабдық). Аталған аппаратура пациенттерге қажет жағдайда cito режимінде қан мен зәрге жан-жақты жалпы және биохимиялық талдаулар, рентгенография мен флюрография, ішкі органдар мен тамырларға УЗИ-тексерулер, электрокардиограмма, велоэргометрия, гастрофиброскопия, компьютерлік спирографияны, эхоэнцефалография мен диагностикалық тексерудің көптеген басқа түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді.

Жоғары