18 мамыр 2017 жыл, Маңғыстау облысы.

«Денсаулық» медицина пойызы Маңғыстау облысындағы жұмысын аяқтап, жүру кестесіне сай, көрші Атырау облысына бет алды.

Пойыз құрамы осы аймақта жұмыс істеген уақытында облыстағы темір жол бекеттерінде 15 жұмыс аялдамасын жасады, осы уақытта дәрігерлер бригадасы алыс елді мекендердің тұрғындарына 22905 қабылдау өткізді. Маңғыстау облысынан барлығы 5999 тұрғын қабылданса, олардың 1184-і балалар болды. 24160 диагностика, 135 шағын амбулаториялық ота жасалды. Маммологтар 125 әйелді қарады. 1016 тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді.

18 сәуірде «Денсаулық» медициналық пойызы Алматы қаласынан шығып, Қазақстанның батысына қарай аттанды. Маңғыстау облысында жұмыс істеген бір айда Тұрұш, Сам, Бейнеу, Ақжігіт, Үстірт, Сай-Өтес, Шетпе, Ералиев, Жетібай, Өзен, Болашақ, Тірек бекеттері мен  №10, Қоркөл, Толтыр жол айрықтарының тұрғындары дәрігерлер қызметіне жүгінді.

Пойыз жолындағы Маңғыстау облысының барлық бекеттері мен жақын елді мекендерінің тұрғындары денсаулықтарын тексерту үшін біліктілігі жоғары дәрігерлердің тексеруінен тегін өтіп, қажетті алғашқы көмек, кәсіби кеңес және жақын жердегі медицина орталықтарынан ары қарай емделуге жолдама алды.

Медицина қызметкерлерінің бірінші ауысымдағы жұмысы туралы  пойыздың аға дәрігері Гиззат Саматұлы: «Денсаулық» медицина пойызының бригадасы Маңғыстау облысы халқын қабылдау жоспары бойынша өз жұмысын толық орындады. 6 000-ға жуық адам қабылданды. Күн сайын, демалыссыз, мерекелерге қарамастан, мамандарымызға көптеген жандар келіп жатты. Атқарған қызметтері үшін дәрігерлерге, мейірбикелерге және жолсеріктер бригадасына алғысымды білдіремін. «Алаңда» жұмыс істеу жағдайына қарамастан, «Денсаулық» пойызының дәрігерлері өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарды», - деп өз пікірін білдірді.

«Денсаулық» медицина пойызы сегіз вагоннан тұрады, оларда науқастарды толық тексеруге, амбулаториялық операциялар жасауға, емдеу кабинеттерінің қызметтерін көрсетуге толық жағдай жасалған және зертханалар мен диагностика кабинеттерімен жабдықталған. Медицина бригадасының құрамында Ақтөбе темір жол ауруханасының келесі мамандықтар бойынша бірінші және жоғары санаттағы дәрігерлері бар, олардың ішінде: терапевт, педиатр, кардиолог, невропатолог, офтальмолог, отоларинголог, гинеколог, хирург, рентгенолог, дәрігер-эндоскопист, стоматолог және УДЗ диагностикасы дәрігері.

«Медицина пойыздары» жобасы мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірін орындауға көмектеседі – 2010 жылдан бері халықтың білікті медициналық қызметке қол жеткізуіне мүмкіндік жасап келеміз. Көлік медицинасының дамуы шалғайдағы елді мекендердің көптеген тұрғындарына, көп жылдардан бері бірінші рет салалық мамандардың қабылдауынан өтуге жағдай жасады. 2017 жылы кеңес беруші-диагностикалық пойыздар еліміздің 250-ге жуық елді мекеніне барады», - деп «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры Лима Диас өз ойымен бөлісті.

«Денсаулық» пойызы Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары арқылы өтеді. Пойыз бұл жерлерге бекітілген кесте бойынша 2017 жылғы 20 желтоқсанға дейін барады..

«Денсаулық» медпойызы өз жұмысын Атырау облысында Күлсары бекетінен бастайды, мұнда ол 2017 жылғы 19-21 мамыр аралығында болады. Ары қарай пойыз Мақат (22-24.05), Доссор (25-26.05), Искине (27.05) бекеттеріне, Тұманды (28.05) жол айрығына және Ақ-Қыстау (29-31.05) бекетіне барады.

Пойыздың жұмыс кестесі – күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыссыз, түскі үзіліс  сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

«Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» пойыздарының жүру кестесімен www.medpoezd.kz сайтында танысуға болады.

Жобаны жүзеге асырушылар:  «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік жобалар қоры, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазпошта» АҚ, Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі аймақтық басқару органдарының қолдауымен.

Жоба жаңалықтары, баратын бағыттары, фото- және видео-материалдар www.medpoezd.kz сайтында.

Жобаның ресми парақшалары: Facebook – https://www.facebook.com/medpoezd/, Instagram - @medpoezd.kz

Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 76 98 56, 76 90 19, +7 701 526 3050, e-mail: media@askredpoint.com

Анықтама:

Мамандандырылған медицина пойыздары – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арасында 2010 жылы 9 наурызда жасалған, медициналық қамсыздандыру мәселелерінде өзара жұмыс істеу туралы меморандум аясында жүзеге асырылған жоба.

«Денсаулық» пойызы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық байқауында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша жеңімпаздардың бірі болды, сондай-ақ 2010 жылы «Қазақстандағы Жыл таңдауы №1» халықаралық фестивалінде Қазақстандағы үздік әлеуметтік-жауапкершілік жобасы атанды.

Жоғары