«Денсаулық» пойызы Атырау облысында өз жұмысын жалғастыруда

/ / БАҚ бiз туралы

Ағымдағы жылғы 28 мамырда жексенбі күні «Денсаулық» емдеу-диагностикалық медициналық пойызы Атырау облысының Исатай (Аққыстау) ауданына келді. Келесі күні жергілікті уақытпен 9.00-18.00 сағатта дәрігерлер 96 адамды, оның ішінде 5 баланы тексерді. Кестеге сәйкес осы ауданда пойыз тағы да екі күн аялдап, Атырау облысының шалғай аудандарына медициналық көмек көрсетуді жалғастырады.  21 Поезд Атырау 3Көбінесе Аққыстау станциясынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан Тұщықұдық елді мекенінің тұрғындары медициналық көмекке жүгінді.

«Денсаулық» пойызында ҚР ІІМ ТЖ комитетінің «Апаттар медицинасы теміржол госпиталі» АҚ Атырау облысы бойынша филиалының білікті дәрігерлері жұмыс жалғастыруда, олардың арасында терапевт, педиатр, невропатолог, гинеколог, кардиолог, окулист, хирург-онколог, оториноларинколог, стоматолог, функционалды диагностика дәрігері, УДЗ дәрігері, рентгенолог, стомотолог дәрігерлері бар.  21 Поезд Атырау 2Өздерінің денсаулықтарын тексеруге ниет білдіргендер көп болды, медициналық көмек алғандар дәрігерлерге өздерінің алғыстарын білдірді.

Медициналық пойыз маңызды екі әлеуметтік мәселені: медициналық қызметке қолжетімділікті және емделушіге медициналық көмек сапасының бірыңғай жоғары стандартын қамтамасыз ету мәселесін шешуге көмектеседі.

www.emer.gov.kz