«Денсаулық» медициналық пойызы Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарын қабылдауды бастады

/ / Жаңалықтар

Жаздың соңғы күндері мен күздің бірінші жартысын «Денсаулық» медициналық пойызы Оңтүстік Қазақстанда өткізеді, дәрігерлер 26 тамыздан бастап Түркістан бекетінің халқын қабылдай бастады. Кесте бойынша «Денсаулық» медициналық пойызы осы өңірде 39 күн болады. Осы уақыт ішінде келесі 25 темір жол бекеті мен жол айырығының тұрғындары дәрігерлер көмегіне жүгіне алады, олар: Түркістан, Шойтөбе, Күншағыр, Ақшоқат, 37-жол айырық, Қарақоңыр, Қостүйін, Ақдала, Талдықұдық, Монтайтас, Шанақ, Шеңгелді, Жылға, Дарбаза, Сары-ағаш, Қалаш, Черноводский, Леңгір, Тоғыс, Сайрам, Қызылсай, Сергеевка, Сазтөбе, Көктерек, Түлкібас.

Бұған дейін барған басқа аймақтардағыдай, «Саламатты Қазақстан» және «Денсаулық» медициналық пойыздары 3 қазанға дейін аталған елді мекендердің тұрғындарын тегін тексеріп, ауруларын анықтайды, қажетті алғашқы көмек көрсетеді және салалық мамандар кеңес беріп, қажет болған жағдайда, жақын маңдағы медицина орталықтарында ары қарай емделуге жолдама береді. Медицина пойызының дәрігерлеріне келгенде, жеке куәлікті ала келу керек.

Медициналық пойыздың 8 вагонында науқастарды толық тексеруге, шағын амбулаториялық оталарды жасауға, емдеу кабинеттерінің қызметтерін көрсетуге толық жағдай жасалған және олар зертханалар мен диагностика кабинеттерімен жабдықталған. Медицина бригадасының құрамында келесі мамандықтар бойынша бірінші және жоғары санаттағы дәрігерлері бар, олар: терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, тіс дәрігері.

«Денсаулық» пойызы өз жұмысын 2017 жылы 21 сәуірде Маңғыстау облысының Тұрыш бекетінен бастады, пойыз өз жолында Қазақстанның батыс және оңтүстік аймақтарындағы темір жол бекеттеріне барады, содан соң 2017 жылы 20 желтоқсанда Алматы облысында жұмысын аяқтайды.

Медпойыз дәрігерлер бригадасының бекеттердегі жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс  сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Дәрігерлердің демалыссыз жұмыс істейтінін және барлық қызметтер мен кеңестерді тегін көрсететінін естеріңізге саламыз.

Жазда, жол үстіндегі бекеттерде, медицина пойызының жұмыс уақытында балаларға арнайы алаңдар мен аттракциондар ұймдастырылады.

Жобаны жүзеге асырушылар:  «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік жобалар қоры, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазпошта» АҚ, Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі аймақтық басқару органдарының қолдауымен.

Жоба жаңалықтары, баратын бағыттары, фото- және видео-материалдар www.medpoezd.kz сайтында.

Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 76 98 56, 76 90 19, +7 701 526 3050, e-mail: media@askredpoint.com

Анықтама:

Мамандандырылған медицина пойыздары – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арасында 2010 жылы 9 наурызда жасалған, медициналық қамсыздандыру мәселелерінде өзара жұмыс істеу туралы меморандум аясында жүзеге асырылған жоба.

«Денсаулық» пойызы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық байқауында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша жеңімпаздардың бірі болды, сондай-ақ 2010 жылы «Қазақстандағы Жыл таңдауы №1» халықаралық фестивалінде Қазақстандағы үздік әлеуметтік-жауапкершілік жобасы атанды.