«Денсаулық» медициналық пойызы 40 күнде Жамбыл облысының 4583 тұрғынына медициналық қызмет көрсетті

/ / Жаңалықтар

«Денсаулық» медициналық пойызы Жамбыл облысындағы жұмысын аяқтады. Пойыз осы өңірдегі жұмысын 5 қазанда Абай бекетінен бастаған болатын. Жылжымалы медицина бригадасының дәрігерлерінен Жамбыл облысының шалғайда орналасқан 23 темір жол бекеті мен жол айырықтарының тұрғындары көмек ала алды, олар: Абай, Сұрым, Күркүреу-Су, 80 шақырым жол айырығы, Қаратау, Ақтаутас, Жаңатас, Ақ-Шолақ, Малдыбай, Тәтті, Аспара, Бірлік-1, Хантау, Қияқты, Бұрылбайтал, Мыңарал, Қашан Теңіз, Сары-Шаған, Қаражыңғыл, Еспе, Құлақшы, Бел және Аңырақай.

40 күнде 4583 адам, олардың ішінде 1289 бала тиісті тегін тексеруден өтті. Науқастарға қажетті алғашқы көмек көрсетіліп, кәсіби кеңес берілді, сонымен қатар, тістері емделіп, жақын жердегі медицина орталықтарында ары қарай емделуге жолдама берілді. Жамбыл облысының 1026 тұрғынына стоматологиялық көмек көрсетілді. Осы аймақтағы жұмыс барысында 24925 дәрігерлік қабылдау тіркеліп, 10967 диагностикалық шара жасалды, олардың қатарында ультра-дыбыстық зерттеу, рентгенография, ЭКГ бар.

Медициналық пойыздың 8 вагонында да науқастарды толық тексеруге, шағын амбулаториялық оталарды жасауға, емдеу кабинеттерінің қызметтерін көрсетуге толық жағдай жасалған және олар зертханалар мен диагностика кабинеттерімен жабдықталған, сонымен қатар онда персоналдың жайлы жол жүруіне барлық мүмкіндік бар. Медицина бригадасының құрамында Батыс Қазақстан облыстық темір жол ауруханасының бірінші және жоғары санаттағы дәрігерлері бар.

«Денсаулық» пойызы 2017 жылының 21 сәуірінен бастап шалғай елді мекендердің 33936 тұрғындарына көмек көрсетіп жатыр. Пойыздың бағыты Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары арқылы өтеді.

«Медициналық қызметтердің сапасы мен халыққа қолжетімділігі – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып саналады. Мамандырылған медициналық пойыздар әр жыл сайын шалғай елді мекендердің тұрғындарына көмек көрсету үшін ат салысып жатыр. Көлік медицинасының дамуы алыс ауылдардың тұрғындарыдың көптен қолдары жетпей жүрген салалық мамандарға тексерілуіне жағдай жасады. Жіті және ұзақ созылмалы патологиялар, онкологиялық аурулар мен туберкулез сияқты аурулардың алғашқы кезеңдерде дәрігерлермен анықталғаны маңызды», – деп «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры Лима Диас пікір білдірді.

 

Жобаны жүзеге асырушылар:  «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік жобалар қоры, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазпошта» АҚ, Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі аймақтық басқару органдарының қолдауымен.

Жоба жаңалықтары, пойыздың жылжу бағыттары, фото және видео-материалдар www.medpoezd.kz сайтында.

Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 76 98 56, 76 90 19, +7 701 526 3050, e-mail: media@askredpoint.com

Анықтама:

Мамандандырылған медицина пойыздары – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арасындағы медициналық қамтамасыздандыру мәселесі бойынша өзара әрекеттесу меморандумының аясында 2010 жылдың 9 наурызынан бастап жүзеге асырылған жоба.

«Денсаулық» пойызы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық байқауында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша жеңімпаздардың бірі болды, сондай-ақ 2010 жылы «Қазақстандағы Жыл таңдауы №1» халықаралық фестивалінде Қазақстандағы үздік әлеуметтік-жауапкершілік жобасы атанды.