Денсаулық – Атырауда

/ / БАҚ бiз туралы

Тәжірибелі дәрігерлерден құралған «Денсаулық» пойызы Атырау облысына табан тіреген үш тәулікте 911тұрғынға тегін медициналық көмек көрсетті.

Заманауи құрылғылармен жарақтандырылған көшпелі емхана Мақат және Құлсары стансаларында аялдап тұрғындарға тегін медициналық кеңестер мен алдын-ала диагностикалық зерттеулерден өтті.  Медпойыз УЗИ, рентген секілді заманануи  аппараттармен толық жарақтандырылған. Мамандардың қатарында кардиолог, хирург, стоматолог, гинеколог, невропатолог, кардиолог, терапевт және басқа да 23 саланың тәжірибелі дәрігерлері бар.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жолға шыққан  пойыздың  мақсаты — шалғайда жатқан елді-мекен тұрғындарына сапалы медициналық көмек беруді көздейді. Ақжолтай құрамның меңгерушісі Әлия Әбішеваның айтуынша, тек Құлсары мен Мақат станцияларында  911 адамға тегін медициналық көмек көрсетілген.  Олардың ішінде 70 бала, 291 теміржолшы мамандар, елуден аса теміржолші зейнеткерлер ақ халаттылар көмегіне жүгінген.

Халықтың денсаулығын зерделеуге және көмек беруге арнайы шыққан «Денсаулық» пойызы  Доссор, Ескене,Туманный  кентіне де аялдап, Исатай, Құрманғазы аудандарының елді-мекендеріне баруды жоспарлаған.

railnews.kz