2017 жылы 12 шілде

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Шығыс Қазақстанда 50 күннен артық болып, көрші Павлодар облысына бет алды. Алғашқы екі күнде, 12 және 13 шілдеде жылжымалы емхана дәрігерлері Дегелең бекетінің тұрғындарын қабылдап, содан соң Май (14 шілде) және Жұмыскер (15 шілде) жол айырықтарында жұмыс істеуге барады. Жол кестесіне сай, «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Павлодар облысында 30 күн болады, осы уақытта шалғайда жатқан келесі темір жол бекеттері мен жол айырықтарының тұрғындары дәрігерлердің көмегіне жүгіне алады, олар: Дегелең, Май, Жұмыскер, Көктөбе, Құркөл, Ақсу-2, Шақат, Красноармейка К, Маралды, Шарбақты, Құрқамыс, Жолқұдық, Спутник, Тасқұдық, Қалқаман, Қарасор, Майқайың, Шідерті және Бозшакөл.

«Саламатты Қазақстан» және «Денсаулық» медициналық пойыздары бұдан дейін болған басқа аймақтардағыдай, 10 тамызға дейін аталған елді мекендердің науқас жандары ауруларын анықтау үшін тексеруден өтіп, қажетті алғашқы көмек, салалық мамандардан кәсіби кеңес, қажет болған жағдайда, жақын жердегі медицина орталықтарында ары қарай емделуге жолдама ала алады. Медицина пойызының дәрігерлеріне келгенде, жеке куәлігіңізді ала келуіңіді ұмытапаңыз.

Медицина пойызының сегіз вагонында науқастарды толық тексеруге, амбулаториялық оталар жасауға, емдеу кабинеттерінің қызметтерін көрсетуге толық жағдай жасалған және зертханалар мен диагностика кабинеттерімен жабдықталған. Павлодар облысының аумағында Павлодар темір жол ауруханасының қызмектерлерлері жұмыс істейтін болады. Медицина бригадасының құрамында келесі мамандықтар бойынша бірінші және жоғары санаттағы дәрігерлері бар, олар: терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, стоматолог.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы өз жұмысын 2017 жылы 11 сәуірде Қарағанды облыстағы Жезқазған бекетінен бастады, жыл соңына дейін пойыз Қазақстанның орталық, солтүстік, батыс және шығыс аймақтарындағы темір жол бекеттеріне барады.

Медицина пойызы дәрігерлер бригадасының жұмыс кестесі –сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Дәрігерлердің демалыссыз жұмыс істейтінін, барлық қызметтердің тегін көрсетілетінін естеріңізге саламыз.

Жаз мерзімінде медицина пойызы бекеттерде жұмыс істеп тұрған уақытта балалар үшін арнайы алаңдар мен аттракциондар жұмысы ұйымдастырылады.

Жобаны жүзеге асырушылар:  «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік жобалар қоры, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазпошта» АҚ, Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі аймақтық басқару органдарының қолдауымен.

Жоба жаңалықтары, баратын бағыттары, фото- және видео-материалдар www.medpoezd.kz сайтында көре аласыздар.

Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 76 98 56, 76 90 19, +7 701 526 3050, e-mail: media@askredpoint.com

Анықтама:

Мамандандырылған медицина пойыздары – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арасында 2010 жылы 9 наурызда жасалған, медициналық қамсыздандыру мәселелерінде өзара жұмыс істеу туралы меморандум аясында жүзеге асырылған жоба.

«Денсаулық» пойызы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық байқауында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша жеңімпаздардың бірі болды, сондай-ақ 2010 жылы «Қазақстандағы Жыл таңдауы №1» халықаралық фестивалінде Қазақстандағы үздік әлеуметтік-жауапкершілік жобасы атанды.

«Денсаулық» медициналық пойызы Атырау облысындағы жұмысын аяқтап, Қызылорда облысына бет алды. Кестеге сай бірінші аялдама – Сексеуіл бекеті болмақ. Мұнда «Денсаулық» медициналық пойызының дәрігерлері тұрғындарды 14-17 маусым аралығында қабылдайды, содан соң Абай бекетіне барып, 18–20 маусым аралығында жұмысын жалғастырады. Ары қарай дәрігерлер бригадасы Арал теңізі бекетінің тұрғындарына қызмет көрсетуге кіріседі, пойыз бұл бекетте 21-24 маусым аралығында болады. Қызылорда облысындағы шалғайда орналасқан 28 темір жол бекеті мен жол айырығының тұрғындары темір жолдың жылжымалы дәрігерлер бригадасының қызметіне жүгіне алады.

Қызылорда облысындағы темір жол бекеттерінің тұрғындары екі ай бойы, яғни 21 тамызға дейін денсаулықтарын тексерту үшін дәрігерлердің тексеруінен өтіп, қажетті алғашқы көмек, кәсіби кеңес және жақын жердегі медицина орталықтарында ары қарай емделуге жолдама ала алады.

«Денсаулық» медициналық пойызының 8 вагонында науқастарды толық тексеруге, амбулаториялық ота жасауға, емдеу кабинеттерінің қызметтерін көрсетуге толық жағдай жасалған және зертханалар мен диагностика кабинеттерімен жабдықталған. Медицина бригадасының құрамында келесі мамандықтар бойынша бірінші және жоғары санаттағы дәрігерлері бар, олар: терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, стоматолог.

«Денсаулық» пойызы өз жұмысын 2017 жылы 21 сәуірде Маңғыстау облысының Тұрыш бекетінен бастады, пойыз өз жолында Қазақстанның батыс және оңтүстік аймақтарындағы темір жол бекеттеріне барады, содан соң 2017 жылы 20 желтоқсанда Алматы облысында жұмысын аяқтайды.

Медпойыз дәрігерлер бригадасының бекеттердегі жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Дәрігерлер демалмай жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз, барлық қызмет тегін көрсетіледі.

Жазда, жол үстіндегі бекеттерде, медицина пойызының жұмыс уақытында балаларға арнайы алаңдар мен аттракциондар ұймдастырылады.

Жобаны жүзеге асырушылар:  «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік жобалар қоры, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазпошта» АҚ, Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі аймақтық басқару органдарының қолдауымен.

Жоба жаңалықтары, баратын бағыттары, фото- және видео-материалдар www.medpoezd.kz сайтында.