«Медициналық пойыз» жобасы еліміздің барлық өңірлері бойынша өз сапарын жалғастыруда. Ол бүгінге дейін Алматы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының шалғай бекеттерін аралап үлгерді. Мамандардың қажеттілігі мен жиі кездесетін аурулардың үлесі аймақтан аймаққа қарай өзгереді.  Дегенмен, медициналық пойызға деген қызығушылық пен сенім пойыз аралаған барлық өңірлерде бірдей.

17 маусым «Денсаулық» пойызы Павлодар облысының 10 астам станциясын аралауды аяқтады. 10 күннің ішінде пойыз қызметіне 4174 адам жүгінген, 1542 тұрғын тексерістен өткен, оның 269 бала, 65 шағын хирургиялық ота жасалып, 39 ФГДС процедурасы, 353 – УДЗ және 291 флюорография жасалды. Медицина қызметкерлерінің айтуы бойынша, пойыз қызметіне ең көп Маралды станциясының тұрғындары жүгінген, онда 200 астам пациент тегін медициналық кеңес алып, дәрігерлерге қаралған.

Дәрігерлердің хабарлауы бойынша тұрғындар көп қаралған мамандар ол: 421 адам қабылдаған кардиолог және 370 тұрғынды тексеріп үлгерген стоматолог дәрігер.

Павлодар облысы бойынша медициналық бригада жетекшісі Тулеева Бақыт Ізденқызы осы аймақтағы тұрғындардың ең көп қандай маманға мұқтаж екенін айтып өтті: «Көбінесе тұрғындар кардиолог, терапевт және УДЗ мамандарына жүгініп жатыр. Жиі анықталған аурулар қатарында жүрек аурулары, туберкулез және қант диабетін бар. Айта кететін жайт, қант диабеті көбінесе осы медициналық пойызда анықталып жатыр, тұрғындардың көбі өздерінде бұл науқастың бар екенін тіпті білмеген жағдайлар көп.  Сондай-ақ, тері аурулары және онкологиялық аурулары бар,  диспансерлерде есепте тұрған тұрғындар да медициналық қызметкерлерден тексерістен өтті».

Пойыздың жүру кестесі бойынша келесі Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарының шалғай станцияларын аралау жоспарланып отыр.  Онда 20 астам шалғай бекеттердің тұрғындары тегін медициналық тексерістен өтіп, өз денсаулықтарын емдеу мен қалпына келтіруге жолдамалар алу мүмкіндігіне ие болады.

Естеріңізге сала кетсек, жоба жұмысы 29 сәуір басталған болатын. Оның мақсаты – еліміздің әр облысының шалғай бекеттерінде тұратын тұрғындарды тегін медициналық қызметпен қамту болып табылады. Жоба «Самұрық-Қазыны» АҚ компаниялар тобы атынан ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның Әлеуметтік жобалар қоры және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорымен жүзеге асырылып жатыр.

Пойыз С.Д. Асфендияров атындағы ұлттық медицина университеті ұсынған неміс және жапон өндірісінің алдыңғы қатарлы фирмаларының заманауи диагностикалық құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Аппаратуралар пациенттерге қажет болған жағдайда толық жалпы және биохимиялық талдаулар жасауға, ренгенография және флюрографиядан өтуге, ішкі органдарға және қан тамырларына УДЗ-зерттеулер жүргізуге, электрокардиограмма, гастрофиброскопия жасауға және басқа да диагностикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Пойыз кестесімен www.medpoezd.kz және www.sk-trust.kz/ru ресми сайттарында таныса аласыз.

         «Медициналық пойыз» жобасы еліміздің барлық өңірлері бойынша өз сапарын жалғастыруда. Бүгінге дейін пойыз Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының шалғай бекеттерін аралады. Бағдар бойынша келесі Павлодар облысы.  Күн санап тегін медициналық қызмет пен ем алған шалғай станция тұрғындарының саны артуда.

         6 маусым пойыз Шығыс Қазақстан облысының шалғай бекеттерін аралап, 10 күннің ішінде 18 елді мекеннің тұрғындарына медициналық қызмет көрсетті.   Медициналық пойызға барлығы 9692 адам көрінді, 2939 адам толық тексеруден өтті, олардың 455 бала, 309 шағын xирургиялық ота жасалып, 103 – ФГДС процедурасы, 1065 – УДЗ мен 518 – флюорография жасалды. Дәрігерлердің мәліметінше тұрғындар ең көп жүгінген мамандар ол: кардиолог – 1117 адам қаралған, ЛОР – 1146 адамды тексерген, терапевт – 1454 адамды қабылдаған.

        Бүгін, 7 шілде, медициналық пойыз Павлодар облысына аттанады. Онда 10 күннің ішінде 10 елді мекенді аралайтын болады.  Одан кейін пойыз солтүстік, батыс өңірлерге бет алып, сапарын

Оңтүстік Қазақстанда аяқтайды.

        Медициналық пойызда тексерістен еліміздің кез келген тұрғыны өте алады. Пациенттердің ыңғайлығы үшін балаларға арналған ойын алаңдары да қарастырылған.  Медициналық пойыздың тағы бір міндеті – ол ешқандай сырқаты мен денсаулық жағдайына шағымдары жоқ тұрғындарға да диагностика қызметтерін көрсету. Мамандардың айтуы бойынша, көбінесе мұндай диагностикалар ауыр сырқат түрлерін анықтауға себеп болып жатады. 

       Естеріңізге сала кетсек, 29 сәуір Қазақстанда “Медициналық пойыз” жобасы өз жұмысын бастады. Оның мақсаты еліміздің шалғай аудандарын тегін медициналық қызметпен қамтамасыз ету. 

       Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ат салысуымен жүзеге асырып жатыр.  Медициналық пойыз сапалы медициналық қызмет алуға мүмкіндігі жоқ шалғайдағы бекеттер мен ауыл тұрғындары үшін алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететіндігін ерекше атап өткен жөн. Пойыз неміс және жапон өндірісінің алдыңғы қатарлы фирмаларының заманауи диагностикалық құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Аппаратуралар пациенттерге қажет болған жағдайда толық жалпы және биохимиялық талдаулар жасауға, ренгенография және флюрографиядан өткізуге, ішкі органдарға және қан тамырларына УДЗ-зерттеулер жүргізуге, электрокардиограмма, гастрофиброскопия жасауға және басқа да диагностикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

        Пойыз кестесімен www.medpoezd.kz және www.sk-trust.kz/ru ресми сайттарында таныса аласыз.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс нөміріне хабарласуға болады: PR Менеджер Нұржайнат +7 701 222 39 90, E-mail: prmedpoezd@gmail.com

29 сәуір күні Қазақстанда еліміздің  шалғай аудандарын тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында «Медициналық пойыз» жобасы өз жұмысын бастады. Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырады.

20 мамыр күні пойыз Алматы облысы бойынша сапарын аяқтап, шалғай орналасқан 21 елді мекеннің тұрғындарына медициналық қызмет көрсетті. Медициналық пойыз дәрігерлеріне барлығы 6904 адам қаралды, 2935 тұрғын тексеруден өтті, 125 жеңіл хирургиялық операция, 104 ФГДС процедурасы мен 795 ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ) жүргізіліп, 521 адам флюрографиядан өтті және 2418 лабораториялық зерттеу өткізілді.  

Айта кететін бір жайт, медициналық пойыз көмегіне еліміздің кез-келген тұрғыны жүгіне алады. Балалардың бос уақытын өткізуге ойын алаңдары да қарастырылған. Сондай-ақ, медициналық пойыз мамандары бұрын-соңды  дертке щалдықпаған және денсаулығына байланысты ешқандай шағымдары болмаған тұрғындарды да диагностикадан өткізе алады. Көбінесе бұндай диагностикалар ауыр сырқат түрлерін анықтауға себеп болып жатады. Медициналық пойыз дәрігерлері шалғай аудандардың тұрғындарына өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, дер кезінде тексерістен өту керектігін және кез-келген аурудың алғашқы белгілеріне мән беру керектігін жиі ескертеді.

Кейбір аймақ тұрғындары үшін медициналық пойыз диагностикадан өтудің және емделудің бірден бір құралына айналды. Егенсу бекетінің тұрғыны  Чатырбаева Замзагүл Жұмабекқызы өзі тұратын аймақ өмірі үшін пойыздың қандай рөл атқаратыны туралы айтып берді: «Мен өзім 2014 жылдан бері жыл сайын «Денсаулық» медициналық пойызында тексеріліп, мамандарына қаралып тұрамын. Медициналық пойыз біз үшін үлкен қызмет атқарып жатыр. Жергілікті тұрғындар өте риза және алғыстары шексіз. Мұнда медицина мамандарының барлық қызметі тегін және бізге қалаға барып, ақылы тексерістен өтудің қажеті жоқ. Біздің ауылда тіпті дәріхана да жоқ.  Дәрігерге көріну үшін бізге көрші ауылға баруға тура келеді. Біз жылда осы пойызды тағатсыздана күтеміз» – деп өз ойымен бөлісті Замзагүл.

Әрі қарай медициналық пойыз Шығыс Қазақстан облысына жол тартты. Ол 6 маусымға дейін  облыстың 16 бекетін аралайтын болады. Кейін Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына аттанады. Солтүстік және Орталық Қазақстан облыстарының тұрғындарын медициналық тексерістен өткізіп болған соң, пойыз батыс және оңтүстік аймақтарға беттейді, және өз сапарын 21 желтоқсанда Алматы қаласында аяқтайды.

«Медициналық пойыз» жобасы өз жұмысын жалғастыруда. Медициналық бригада 21 бекетті аралай отырып Алматы облысының шалғайдағы аудан тұрғындарын тексерістен өткізді. Дәрігерлердің хабарлауы бойынша тұрғындар көп қаралған мамандар ол: кардиолог – 1135 адам көрінген, офтальмолог 1233 адамды қабылдаған, терапевт көмегіне 851 адам жүгінген. Ауру түрлерінің ішінде бірінші орында – жүрек-қантамыр аурулары, әрі қарай артериялық гипертензия, А гепатиті, В гепатиті, онкологиялық аурулар және балалар арасындағы қант диабеті. Сондай-ақ, коронарлық синдроммен үш пациент анықталған. Олар бұған дейін бұл сырқат туралы еш күдіктенбеген»,- деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры, ресми өкілі Іргебаев Мирас.

Естеріңізге салсақ, пойыз сапалы медициналық қызмет алуға мүмкіндігі жоқ шалғайдағы бекеттер мен ауыл тұрғындары үшін алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді. Жоба еліміздің шалғай елді мекендерінде тұратын барлық тұрғындарды тегін медициналық  көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Пойыз неміс және жапон өндірісінің алдыңғы қатарлы фирмаларының заманауи диагностикалық құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Аппаратуралар пациенттерге қажет болған жағдайда толық жалпы және биохимиялық талдаулар жасауға, ренгенография және флюрографиядан өткізуге, ішкі органдарға және қан тамырларына УДЗ-зерттеулер жүргізуге, электрокардиограмма, гастрофиброскопия жасауға және басқа да диагностикалық зерттеулер жүргізуге жол ашады.

«Медициналық пойыз» жобасы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылады.

Пойыз кестесімен www.medpoezd.kz және www.sk-trust.kz/ru ресми сайттарында таныса аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс нөміріне хабарласуға болады: +7 701 222 39 90, E-mail: prmedpoezd@gmail.com

Бүгін Қазақстанның шалғай аудандарын тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ететін медициналық пойыз өз жұмысын бастады. Жобаны «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ көмегімен «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырады.

Биылғы жылы медициналық пойыз өз жұмысын Алматы қаласынан бастайды және Қазақстанның барлық аймақтарына барады. «Samruk-Kazyna Trust» Қорының Бас директоры Диас Әзбергенов пойыздың жұмыс кестесі және жобаның мерзімі жайлы атап өтті.

«Биылғы жылы біз баратын облыстардың санын арттырдық. Пойыз 14 облысты аралай отырып, 21 желтоқсанға дейін жолда болады. Медициналық пойыз кестесіне сәйкес бірінші болып Алматы облысының тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіледі. Осы өңірден соң пойыз Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына бағыт алады. Бұдан әрі «Денсаулық» пойызының батыс өңірлерге алған бағыты оңтүстікке жалғасады да, Жамбыл облысында өз бағдарын аяқтайды. Жалпы алғанда пойыз 195 бекетті айналып өтеді, ал жалпы жүріп өту қашықтығы 19 000 км-ден асады», – Диас Әзбергенов атап өтті.

Медициналық пойыздар  еліміздің шалғай елді мекендерінің және жақын ауылдардың тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсетеді. Аталмыш жоба еліміздің шалғайдағы барлық тұрғындарын тегін медициналық көмекпен қамтамасыз етеді.

Пойыз неміс және жапон өндірісіндегі жетекші фирмалардың заманауи диагностикалық жабдықтарымен жабдықталған. Жабдықтар келушілерге қажет болған жағдайда толық жалпы және биохимиялық анализдер, рентгенография және флюрографияны, ішкі ағзалар мен тамырларды УДЗ-зерттеулерін, электрокардиограмманы, гастрофиброскопияны және диагностикалық зерттеулердің басқа да түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді. Пойыздардың жүру кестесін www.medpoezd.kz және  www.sk-trust.kz/ru сайттарында бар.

Айта кеткен жөн, медициналық бригадалардың құрамында терапевттер, тіс дәрігерлері, окулистер, маммологтар және басқа да мамандар бар. Жоба жұмысы барысында кезекпен 10 медициналық бригада іске қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, “Медициналық пойыздар” жобасын “Samruk-Kazyna Trust” әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен, сондай-ақ “Қазақстан темір жолы” жанындағы “Әлеуметтік жобалар қоры”-мен бірлесе 2010 жылдан бастап жүзеге асырды. Оның жұмысына еліміздің 9 аймағы – Алматы, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтитын “Денсаулық” және “Саламатты Қазақстан” екі Денсаулық пойызы тартылды.

Анықтама: «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы – Жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын Қор. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылды және миссиясы Қазақстан Республикасының Ұлттық әл-ауқатын арттыру және болашақ ұрпақ үшін ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылатын коммерциялық құрылым – инвестициялық холдинг болып табылады. “Самұрық-Қазына” Қоры өз миссиясын стратегиялық мақсаттар мен компаниялардың табыстылығын арттыру, портфельдің құрылымын оңтайландыру, кірістефрді әртараптандыру және корпоративтік басқару және тұрақты даму сияқты төрт стратегиялық бастамаларды іске асыру жолымен орындайды. Қордың активтері шамамен 74,1 млрд АҚШ долларын құрайды.  «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистикалық секторлар, химия және атом өнеркәсібі, тау-кен металлургия кешені, энергетика кәсіпорындары кіреді.

20 желтоқсанда «Денсаулық» медициналық пойызы Жетіген бекетінде биылғы ең соңғы жұмыс аялдамасын жасады.

35 күнде 7876 адам олардың ішінде 291 бала әртүрлі ауруын анықтау үшін тиісті тегін тексеруден өтті. Науқастарға алғашқы көмек көрсетіліп, кәсіби кеңес берілді, стоматологиялық жәрдем жасалып, жақын жердегі медицина орталықтарында ары қарай емделуге жолдама берілді. Алматы облысының 966 тұрғынына стоматологиялық көмек көрсетілді. Осы аймақта жұмыс істеген уақытында дәрігерлер науқастарды 33851 рет қабылдап, 8845 диагностикалық іс-шара жасалды, олардың қатарында ультрадыбыстық зерттеу, рентгенография және ЭКГ бар. Сондай-ақ маммологтар 1928  науқасты қарады.

«Денсаулық» медициналық пойызы осы аймақтағы жұмысын 15 қарашада Қопа бекетінен бастады.  Осы өңірде жұмыс істеген уақытында келесі бекеттердің тұрғындары дәрігерлердің көмегіне жүгіне алды, олар: Қопа, Достық, Жайпақ, Бескөл, Ақтоғай, Лепсі, Матай, Егінсу, Көксу, Айнабұлақ, Малайсары, Жоламан, Дала, Қосқұдық, Іле, Алтынкөл, Құндызды, Тасқарасу, Шелек, Жетіген.

Бір жыл жұмыс істеген уақытында медпойыз шалғайда жатқан бекетердің 42719 тұрғынына медициналық қызмет көрсетті. Пойыз Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары арқылы жүріп өтті. Медицина бригадаларында «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» АҚ-ның облыстық филиалдарының 82-ден астам бірінші және жоғары санаттағы дәрігері мен көмекші персоналы (мейірбикелер, бағдарламашылар, операторлар), «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның аймақтық бөлімшелері, «Қазпошта» АҚ және ҚР Ішкі істер министрлігінің аймақтық басқару органдары еңбек етті.

 «Алматы облысындағы 20 бекеттің тұрғынына «Денсаулық» пойызы көмек көрсетті. Тұрғындар кезекке тұрып, жеке куәлігі болса, толық тексеріліп, кеңестік-диагностикалық көмек ала алды. Медицина пойызы Алматы облысында болған уақытында мамандарымыз тұрғындардың әртүрлі ауруларын анықтады, атап айтсақ: невропатолог белгілерді талдай отырып, остеохондроз ауруын жиі тапса, көзі нашар көретін көптеген жандар окулистке көрініп жатты, сонымен қатар әр екінші науқаста миопия, зоб, аурулары, сондай-ақ дерматит, фарингит және басқа аурулар анықталды. Диагностикалық іс-шараларды, соның ішінде УДЗ-ны орындау барысында өт жолы мен несеп жолында тас жиналу байқалып, ФГДС кезінде үш рет қатерлі ісік күмәні анықталды, науқастың кеуде тұсы ауырған соң ЭКГ жасалып, шұғыл көмек көрсетілді. Осы мерзімде балаларға суық тию де көп байқалды. Ауруларына сай, тиісті заманауи диагностикалық-емдеу шаралары жүргізілді», – деп пойыздың бас дәрігері Владимир Назаренко пікір білдірді.

«Медициналық құрамның 8 вагонында науқастарды толық тексеруге, шағын амбулаториялық оталарды жасауға, емдеу кабинеттерінің қызметтерін көрсетуге толық жағдай жасалған және олар зертханалар мен диагностика кабинеттерімен жабдықталған, сонымен қатар персоналдың жайлы жүріп-тұруына толық жағдай жасалған. Медицина бригадасының құрамында келесі мамандықтар бойынша бірінші және жоғары санаттағы дәрігерлері бар, олар: терапевт, педиатр, кардиолог, офтальмолог, невропатолог, гинеколог, хирург, тіс дәрігері, рентгенолог және арнайы шақырылған УДЗ диагностикасы, ФГДС дәрігері мен терапевт-дәрігер. Жазда және жылы айларда медицина пойызы жұмыс істеген уақытта балаларға арналған ойын-сауық алаңы болды.

Пойыздағы дәрігерлер кабинетінің жұмыс уақыты – 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыссыз, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Дәрігерлердің барлық емдеу шарасы мен кеңесі тегін.

«Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» пойыздарының жүретін бағытымен толығырақ  www.medpoezd.kz сайтында танысуға болады.

Жобаны жүзеге асырушылар:  «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік жобалар қоры, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазпошта» АҚ, Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі аймақтық басқару органдарының қолдауымен.

Жоба жаңалықтары, баратын бағыттары, фото- және видео-материалдар www.medpoezd.kz сайтында.

Жобаның Facebook желісіндегі ресми парақшасы – https://www.facebook.com/medpoezd/,

Instagram – @medpoezd.kz

Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 76 98 56, 76 90 19, +7 701 526 3050, e-mail: media@askredpoint.com

Анықтама:

Мамандандырылған медицина пойыздары – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арасында 2010 жылы 9 наурызда жасалған, медициналық қамсыздандыру мәселелерінде өзара жұмыс істеу туралы меморандум аясында жүзеге асырылған жоба.

«Денсаулық» пойызы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық байқауында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша жеңімпаздардың бірі болды, сондай-ақ 2010 жылы «Қазақстандағы Жыл таңдауы №1» халықаралық фестивалінде Қазақстандағы үздік әлеуметтік-жауапкершілік жобасы атанды.

«Денсаулық» медициналық пойызы Жамбыл облысындағы жұмысын аяқтады. Пойыз осы өңірдегі жұмысын 5 қазанда Абай бекетінен бастаған болатын. Жылжымалы медицина бригадасының дәрігерлерінен Жамбыл облысының шалғайда орналасқан 23 темір жол бекеті мен жол айырықтарының тұрғындары көмек ала алды, олар: Абай, Сұрым, Күркүреу-Су, 80 шақырым жол айырығы, Қаратау, Ақтаутас, Жаңатас, Ақ-Шолақ, Малдыбай, Тәтті, Аспара, Бірлік-1, Хантау, Қияқты, Бұрылбайтал, Мыңарал, Қашан Теңіз, Сары-Шаған, Қаражыңғыл, Еспе, Құлақшы, Бел және Аңырақай.

40 күнде 4583 адам, олардың ішінде 1289 бала тиісті тегін тексеруден өтті. Науқастарға қажетті алғашқы көмек көрсетіліп, кәсіби кеңес берілді, сонымен қатар, тістері емделіп, жақын жердегі медицина орталықтарында ары қарай емделуге жолдама берілді. Жамбыл облысының 1026 тұрғынына стоматологиялық көмек көрсетілді. Осы аймақтағы жұмыс барысында 24925 дәрігерлік қабылдау тіркеліп, 10967 диагностикалық шара жасалды, олардың қатарында ультра-дыбыстық зерттеу, рентгенография, ЭКГ бар.

Медициналық пойыздың 8 вагонында да науқастарды толық тексеруге, шағын амбулаториялық оталарды жасауға, емдеу кабинеттерінің қызметтерін көрсетуге толық жағдай жасалған және олар зертханалар мен диагностика кабинеттерімен жабдықталған, сонымен қатар онда персоналдың жайлы жол жүруіне барлық мүмкіндік бар. Медицина бригадасының құрамында Батыс Қазақстан облыстық темір жол ауруханасының бірінші және жоғары санаттағы дәрігерлері бар.

«Денсаулық» пойызы 2017 жылының 21 сәуірінен бастап шалғай елді мекендердің 33936 тұрғындарына көмек көрсетіп жатыр. Пойыздың бағыты Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары арқылы өтеді.

«Медициналық қызметтердің сапасы мен халыққа қолжетімділігі – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып саналады. Мамандырылған медициналық пойыздар әр жыл сайын шалғай елді мекендердің тұрғындарына көмек көрсету үшін ат салысып жатыр. Көлік медицинасының дамуы алыс ауылдардың тұрғындарыдың көптен қолдары жетпей жүрген салалық мамандарға тексерілуіне жағдай жасады. Жіті және ұзақ созылмалы патологиялар, онкологиялық аурулар мен туберкулез сияқты аурулардың алғашқы кезеңдерде дәрігерлермен анықталғаны маңызды», – деп «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры Лима Диас пікір білдірді.

 

Жобаны жүзеге асырушылар:  «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік жобалар қоры, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазпошта» АҚ, Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі аймақтық басқару органдарының қолдауымен.

Жоба жаңалықтары, пойыздың жылжу бағыттары, фото және видео-материалдар www.medpoezd.kz сайтында.

Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 76 98 56, 76 90 19, +7 701 526 3050, e-mail: media@askredpoint.com

Анықтама:

Мамандандырылған медицина пойыздары – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арасындағы медициналық қамтамасыздандыру мәселесі бойынша өзара әрекеттесу меморандумының аясында 2010 жылдың 9 наурызынан бастап жүзеге асырылған жоба.

«Денсаулық» пойызы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық байқауында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша жеңімпаздардың бірі болды, сондай-ақ 2010 жылы «Қазақстандағы Жыл таңдауы №1» халықаралық фестивалінде Қазақстандағы үздік әлеуметтік-жауапкершілік жобасы атанды.

Осы аптада «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының соңғы жұмыс аялдамасы  Ақмола облысы болды.

13 бекет пен жол айырық тұрғындары жылжымалы темір жол емханасы дәрігерлерінің тексеруінен өтті. Науқастардың жалпы саны 2570 адам, олардың ішінде 341 бала. 6482 дәрігерлік қабылдау тіркеліп, 3112 диагностикалық іс-шара, 66 шағын амбулаториялық ота жасалды. 358 әйел маммологтың тексеруінен өтті. 336 тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы осы аймақтағы жұмысын Тастақ бекетінен бастаған болатын. Ақмола облысындағы жұмыс барысында пойыз құрамы Тастақ, Қараадыр, Атбасар, Красивый-Казахский, Белоградов, Ақсуат, Қайранкөл, 1-Целинная, Көкшетау-2, Приречный, Қиялы, Жасыл, Елтай бекеттерінде болды.

Медицина құрамының сегіз вагонында науқастарды толық тексеруге, амбулаториялық оталарды жасауға, емдеу кабинеттерінің қызметтерін көрсетуге толық жағдай жасалған және олар зертханалар мен диагностика кабинеттерімен жабдықталған, сонымен қатар онда персоналдың жайлы жол жүруіне барлық мүмкіндік бар. Медицина бригадасының құрамында Ақмола темір жол ауруханасының бірінші және жоғары санаттағы дәрігерлері бар, олар: терапевт, педиатр, кардиолог, невропатолог, гинеколог, хирург, стоматолог, УДЗ диагностика дәрігері және шақыртылған дәрігерлер – офтальмолог, рентгенолог врач-эндоскопист бар.

«Жарты жыл жұмыс істеген уақытында «Саламатты Қазақстан» пойызы шалғайдағы темір жол бекеттерінің 31383 тұрғынына медициналық көмек көрсетті.  Пойыз Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарына барды. Медицина бригадасының құрамында «Апаттар медицинасының темір жол госпиталі» АҚ облыстық филиалдарының бірінші және жоғары санаттағы 200-ден астам дәрігері мен көмекші қызметкерлері (мейірбикелер, бағдарламашылар, операторлар) еңбек етті. «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ, «Қазпошта» АҚ аймақтық бөлімшелерінің және ҚР Ішкі істер министрлігі аймақтық басқару органдарының қызметкерлеріне алғыс айтамыз, жыл сайын осы серіктестеріміз жұмыстарын тыңғылықты орындайды, бұл медицина пойыздарының аймақтарда сәтті жұмыс істеуі үшін аса маңызды», – деп «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорының директоры Ербол Кеңгірбаев атап өтті.

Пойыздағы дәрігерлер кабинеттерінің жұмыс уақыты – 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыссыз, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Барлық ем-дом мен дәрігерлер кеңесі тегін.

«Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» пойыздарының жүретін бағытымен толығырақ  www.medpoezd.kz сайтында танысуға болады.

Жобаны жүзеге асырушылар:  «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік жобалар қоры, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазпошта» АҚ, Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі аймақтық басқару органдарының қолдауымен.

Жоба жаңалықтары, баратын бағыттары, фото- және видео-материалдар www.medpoezd.kz сайтында.

Жобаның Facebook желісіндегі ресми парақшасы – https://www.facebook.com/medpoezd/,

Instagram – @medpoezd.kz

Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 76 98 56, 76 90 19, +7 701 526 3050, e-mail: media@askredpoint.com

Анықтама:

Мамандандырылған медицина пойыздары – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арасындағы медициналық қамтамасыздандыру мәселесі бойынша өзара әрекеттесу меморандумының аясында 2010 жылдың 9 наурызынан бастап жүзеге асырылған жоба.

«Денсаулық» пойызы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық байқауында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша жеңімпаздардың бірі болды, сондай-ақ 2010 жылы «Қазақстандағы Жыл таңдауы №1» халықаралық фестивалінде Қазақстандағы үздік әлеуметтік-жауапкершілік жобасы атанды.