ҚазАқпарат – Қазақстанның шалғай бекеттерінің 7 мыңнан астам тұрғыны мамандандырылған пойызда тегін медициналық көмек алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорына сілтеме жасап.

«Медициналық пойыз» Алматы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының шет аймақта орналасқан бекеттерінде болды. Қазіргі уақытта ол Ақмола өңіріне келді.

Пойыз іске қосылған күннен бастап 7 420 адам, оның ішінде 1 465 бала қабылдауда болды, сондай-ақ дәрігерлерге келушілердің саны 20 000-нан асады, 623 кіші хирургиялық ота жасалды, 283 ФГДС процедурасы, 2 416 УДЗ жасалды, және флюрографиядан 1 324 адам өтті.

«Өткен жылы 124 шалғай бекетте тұратын 40 000-нан астам тұрғын тексерілді. Биыл біз баратын облыстардың санын көбейттік. Егер бір жыл бұрын пойыз 9 облыстың ғана тұрғындарын тексерсе, биылғы маусымда дәрігерлер бригадасы 21 желтоқсанға дейін жолда болып, Қазақстанның 14 облысының 195 бекетін қамтиды. 60 000-нан астам адамды қамту жоспарланған», – деді «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бас директорының орынбасары Әсел Шілдебаева.

Атап өтейік, биыл медициналық пойыз Алматы қаласынан бастау алды және Қазақстанның барлық облыстарында болады. 17 маусым мен 7 шілде аралығында медициналық пойыз Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы 24 бекетті аралайды.

Жоба аясында еліміздің медициналық қызмет қолжетімсіз шалғай аудандарының тұрғындарына тегін медикалық-санитарлық, консультативтік-диагностикалық көмек көрсетіледі. Медициналық бригадалардың құрамында терапевт, стоматолог, окулист, маммолог, невропатолог, кардиолог сияқты басқа да мамандар бар.

Естеріңізге сала кетейік, 29 сәуір күні Қазақстанда «Медициналық пойыз» жобасы басталған болатын. Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ» АҚ жанындағы Әлеуметтік жобалар қорымен бірлесіп, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен жүзеге асырады. Пойыз кестесін мына сайттардан көруге болады: medpoezd.kz және sk-trust.kz/ru.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/shalgay-auyldarda-turatyn-7-mynnan-astam-adam-medpoyyzda-tekseruden-otti_a3540013

Қазақстанның шалғай бекеттерінің 7 мыңнан астам тұрғыны мамандандырылған пойызда тегін медициналық көмек алды. «Медициналық пойыз» Алматы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының шет аймақта орналасқан бекеттерінде болды. Қазіргі уақытта ол Ақмола өңіріне келді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Пойыз іске қосылған күннен бастап 7 420 адам, оның ішінде 1 465 бала қабылдауда болды, сондай-ақ дәрігерлерге келушілердің саны 20 000-нан асады, 623 кіші хирургиялық ота жасалды, 283 ФГДС процедурасы, 2 416 УДЗ жасалды, және флюрографиядан 1 324 адам өтті.

«Өткен жылы 124 шалғай бекетте тұратын 40 000-нан астам тұрғын тексерілді. Биылғы жылы біз баратын облыстардың санын арттырдық. Егер бір жыл бұрын пойыз 9 облыстың ғана тұрғындарын тексерсе, онда биылғы маусымда дәрігерлер бригадасы 21 желтоқсанға дейін жолда болып, Қазақстанның 14 облысының 195 бекетін қамтитын болады. 60 000-нан астам адамды қамту жоспарланған», – деді «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бас директорының орынбасары Әсел Шілдебаева.

Атап өткен жөн, биыл медициналық пойыз Алматы қаласынан бастау алды және Қазақстанның барлық облыстарында болады. 17 маусым мен 7 шілде аралығында медициналық пойыз Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы 24 бекетте болады.

Жоба аясында еліміздің медициналық қызмет қолжетімсіз шалғай аудандарының тұрғындарына тегін медикалық-санитарлық, консультативтік-диагностикалық көмек көрсетіледі. Медициналық бригадалардың құрамында терапевттер, стоматологтар, окулисттер, маммологтар, невропатологтар, кардиологтар сияқты басқа да мамандар бар.

Қазақстанның шалғай бекеттерінің 7 мыңнан астам тұрғыны мамандандырылған пойызда тегін медициналық көмек алды. «Медициналық пойыз» Алматы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының шет аймақта орналасқан бекеттерінде болды. Қазіргі уақытта ол Ақмола өңіріне келді.

Пойыз іске қосылған күннен бастап 7 420 адам, оның ішінде 1 465 бала қабылдауда болды, сондай-ақ дәрігерлерге келушілердің саны 20 000-нан асады, 623 кіші хирургиялық ота жасалды, 283 ФГДС процедурасы, 2 416 УДЗ жасалды, және флюрографиядан 1 324 адам өтті.

«Өткен жылы 124 шалғай бекетте тұратын 40 000-нан астам тұрғын тексерілді. Биылғы жылы біз баратын облыстардың санын арттырдық. Егер бір жыл бұрын пойыз 9 облыстың ғана тұрғындарын тексерсе, онда биылғы маусымда дәрігерлер бригадасы 21 желтоқсанға дейін жолда болып, Қазақстанның 14 облысының 195 бекетін қамтитын болады. 60 000-нан астам адамды қамту жоспарланған», — деді «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бас директорының орынбасары Әсел Шілдебаева.

Атап өткен жөн, биыл медициналық пойыз Алматы қаласынан бастау алды және Қазақстанның барлық облыстарында болады. 17 маусым мен 7 шілде аралығында медициналық пойыз Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы 24 бекетте болады.

Жоба аясында еліміздің медициналық қызмет қолжетімсіз шалғай аудандарының тұрғындарына тегін медикалық-санитарлық, консультативтік-диагностикалық көмек көрсетіледі. Медициналық бригадалардың құрамында терапевттер, стоматологтар, окулисттер, маммологтар, невропатологтар, кардиологтар сияқты басқа да мамандар бар.

Айта кеткен жөн, 29 сәуір күні Қазақстанда «Медициналық пойыз» жобасы басталған болатын. Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ» АҚ жанындағы Әлеуметтік жобалар қорымен бірлесіп, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен жүзеге асырады. Пойыз кестесі келесі сайттарда қол жетімді: www.medpoezd.kz және www.sk-trust.kz/ru.

«Денсаулық» пойызы Ақмола облысы Елтай бекетіне келіп тоқтады. 19 маусым күні он бір адамнан жасақталған дәрігерлер бригадасы ауыл тұрғындарының денсаулығын тексеріп, кеңес берді.

«Медициналық пойыздар» жобасы өз жұмысын 29 сәуірде бастады. Алматы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының шалғай бекеттері тұрғындарына қызмет көрсеткен пойыз Ақмола өңіріне тұрақтады.

Кең ауқымды әлеуметтік жоба 2010 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ  және Денсаулық сақтау министрлігімен, 2016 жылдан бері «Samruk-Kazyna Trust» қорымен жүзеге асырылады.

Биыл пойыз Қазақстанның 49 шалғай бекетінің жеті мыңнан астам тұрғынына тегін медициналық көмек көрсетті. Оның ішінде 1465 бүлдіршін дәрігер қабылдауында болды, 623 кіші хирургиялық ота, 283 фиброэзофагогастродуоденоскопия (ФГДС) процедурасы мен 2416 ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) жасалды.

Пойыз сапалы әрі жедел диагностика жасауға мүмкіндік беретін заманауи медициналық құралдармен жабдықталған. Пойызға тоғыз вагон тіркелген, оның төртеуі пациенттерді қабылдауға арналған.

Әлеуметтік жобаның ауқымы осы жылы кеңейген. Бұл жайында «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бас директорының орынбасары Әсел Шілдебаева:

– Өткен  жылы 124 шалғай бекетте тұратын 40 000-нан астам тұрғын тексерілді. Биылғы жылы біз баратын облыстардың санын арттырдық. Егер бір жыл бұрын пойыз 9 облыстың ғана тұрғындарын тексерсе, онда биылғы маусымда дәрігерлер бригадасы 21 желтоқсанға дейін жолда болып, Қазақстанның 14 облысының 195 бекетін қамтитын болады. 60 000-нан астам адамды қамту жоспарланған, – деді.

Жоба үшін 14 медициналық бригада жасақталған. Әр облысқа барған сайын, дәрігерлер ауысып отырады. Биыл мамандар құрамына С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессорлары қосылған. Дәрігерлер станция тұрғындары ауруларын ертерек анықтап, емделуге бағыт-бағдар береді. Алматы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары емделушілерінің арасынан онкологиялық аурулар, қант диабеті мен гепатит көп анықталған.

Елтай станциясының тұрғыны, зейнеттегі көпбалалы ана Қуаныш Гүлзат пойыздың ауылға келіп тоқтағанына ризалығын білдірді, ауылда кейбір мамандардың жоқтығы қиындық туғызатынын айтты.

«Денсаулық» пойызы 26 маусымға дейін Ақмола облысында болады. Одан әрі Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарына жол тартады. Қазақстанның батыс аймақтарына да тегін қызмет көрсетіп, өз жұмысын Жамбыл облысында аяқтайды. Пойыздың жүріп өтетін жалпы жолы 19 мың шақырымнан асады.

Әсем ТАҢАТАР,

ЕҰУ-дың журналистика факультеті студенті

Бүгін Қазақстанның шалғай аудандарын тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ететін медициналық пойыз өз жұмысын бастады. Жобаны «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ көмегімен «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырады.

Биылғы жылы медициналық пойыз өз жұмысын Алматы қаласынан бастайды және Қазақстанның барлық аймақтарына барады. «Samruk-Kazyna Trust» Қорының Бас директоры Диас Әзбергенов пойыздың жұмыс кестесі және жобаның мерзімі жайлы атап өтті.

«Биылғы жылы біз баратын облыстардың санын арттырдық. Пойыз 14 облысты аралай отырып, 21 желтоқсанға дейін жолда болады. Медициналық пойыз кестесіне сәйкес бірінші болып Алматы облысының тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіледі. Осы өңірден соң пойыз Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына бағыт алады. Бұдан әрі «Денсаулық» пойызының батыс өңірлерге алған бағыты оңтүстікке жалғасады да, Жамбыл облысында өз бағдарын аяқтайды. Жалпы алғанда пойыз 195 бекетті айналып өтеді, ал жалпы жүріп өту қашықтығы 19 000 км-ден асады», — Диас Әзбергенов атап өтті.

Медициналық пойыздар еліміздің шалғай елді мекендерінің және жақын ауылдардың тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсетеді. Аталмыш жоба еліміздің шалғайдағы барлық тұрғындарын тегін медициналық көмекпен қамтамасыз етеді.

Пойыз неміс және жапон өндірісіндегі жетекші фирмалардың заманауи диагностикалық жабдықтарымен жабдықталған. Жабдықтар келушілерге қажет болған жағдайда толық жалпы және биохимиялық анализдер, рентгенография және флюрографияны, ішкі ағзалар мен тамырларды УДЗ-зерттеулерін, электрокардиограмманы, гастрофиброскопияны және диагностикалық зерттеулердің басқа да түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді. Пойыздардың жүру кестесін www.medpoezd.kz және www.sk-trust.kz/ru сайттарында бар.

Айта кеткен жөн, медициналық бригадалардың құрамында терапевттер, тіс дәрігерлері, окулистер, маммологтар және басқа да мамандар бар. Жоба жұмысы барысында кезекпен 10 медициналық бригада іске қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Медициналық пойыздар» жобасын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры»-мен бірлесе 2010 жылдан бастап жүзеге асырды. Оның жұмысына еліміздің 9 аймағы — Алматы, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтитын «Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» екі Денсаулық пойызы тартылды.

Спикер, Әзбергенов Дияс Сержанұлы «Samruk-Kazyna Trust» КҚ Бас директоры:

Қайырлы күн, құрметті әріптестер!

Бүгін біз «Денсаулық» Медициналық пойызы жобасын іске қосамыз. Пойыз Қазақстанның шалғай бекеттерінің тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетеді.

«Samruk-Kazyna Trust» Қоры бұл жобаны Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының атынан жүзеге асырады.

Медициналық пойыз жобасының жүзеге асырылуы біз үшін өте маңызды.

Өкінішке орай, Қазақстанның шалғай аудандарының тұрғындары сапалы, уақытылы және тегін медициналық көмекке қол жеткізе алмайды.

Пойыз тұрғындарға сапалы және жедел диагностика жасауға мүмкіндік беретін заманауи медициналық құралдармен жабдықталған. Жоба аясында әрбір адам медициналық көмек ала алады.

Пойыз бүгін Алматы қаласынан бастау алып, 21 желтоқсанға дейін жүретін болады. Биылғы жылы біз баратын облыстардың санын арттырдық, пойыз Қазақстанның барлық өңірлерінің 195 бекетін аралап шығады.

Медициналық пойыз кестесіне сәйкес бірінші болып Алматы облысының тұрғындарына тегін медициналық көмек

көрсетіледі. Осы өңірден соң пойыз Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына бағыт алады. Бұдан әрі Орталық Қазақстан бекеттерінің тұрғындарына қызмет көрсете отырып, пойызымыз батыс өңірлерге алған бағыты оңтүстікке жалғасады да, Жамбыл облысында өз бағдарын аяқтайды.

Жалпы жол жүріп өту қашықтығы он тоғыз мың километрден астам (19 093 км). Пойыз кестесі www.medpoezd.kz және www.sk-trust.kz/ru сайттарында қол жетімді.

Өткен жылдардың тәжірибесі негізінде жинақталған медициналық бригадалардың құрамында он бағыт бойынша мамандар жұмыс істейді: терапевт, тіс дәрігері, окулист, маммолог және басқа да мамандар. Жоба жұмысы барысында кезекпен 10 медициналық бригада жұмыс істейді.

Өткен жылы медициналық пойызбен 124 бекеттің 42 мыңнан астам (42 306) тұрғыны тексерілді.

Биылғы жылы біз медициналық көмекпен 60 мыңға жуық адамды қамтуды жоспарлап отырмыз.

Жобаның барлық аралық нәтижелері, мүмкін болатын бірегей жағдайлар туралы сіздерге хабарлап отыратын боламыз. Ал жылдың соңында аяқтау қорытындысы бойынша біз міндетті түрде баспасөз-конференциясын өткіземіз және барлық нәтижелер туралы айтатын боламыз!

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін «Денсаулық» медициналық пойызы жобасы өз жұмысын бастады. Пойыз Қазақстанның шалғай бекеттерінің тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі күні Қазақстанның шалғай аудандарының тұрғындары сапалы, уақытылы және тегін медициналық көмекке әлі де толығымен қол жеткізген жоқ. Осы тұрғыда «Денсаулық» жобасы тұрғындарға сапалы және жедел диагностика жасауға мүмкіндік беретін заманауи құралдармен жабдықталған медициналық қызметті ұсынады. Жоба аясында әрбір адам медициналық көмек ала алады. Пойыз бүгін Алматы қаласынан бастау алып, осы жылдың 21 желтоқсанына дейін жүретін болады. Биылғы жылы біз баратын облыстардың санын арттырдық, пойыз Қазақстанның барлық өңірлері бойынша 195 бекетті аралап шығады», – деді «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының бас директоры Дияс Әзбергенов баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бастауын Алматы облысынан алған медициналық пойыз одан әрі Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына бағыт алады. Сол сияқты Орталық Қазақстан бекеттерінің тұрғындарына қызмет көрсете отырып, пойыз батыс өңірлерге алған бағыты оңтүстікке жалғасады да, Жамбыл облысында өз бағдарын аяқтайды.

«Жалпы жол жүріп өту қашықтығы 19 мыңнан астам шақырымды құрайды және пойыз кестесі medpoezd.kz және sk-trust.kz сайттарында қолжетімді.

Медициналық бригадалардың құрамында қажетті мамандардың бәрі бар, оның ішінде терапевт, тіс дәрігері, окулист, маммолог және басқа. Жалпы жоба барысында 10 медициналық бригада кезекпен жұмыс істейді», – дейді ол.

Қор дерегіне сүйенсек, өткен жылы медициналық пойыз Қазақстан бойынша 124 бекетті аралап, 42 мыңнан астам (42 306) адамға қызмет көрсетті.

www.inform.kz

Денсаулық пойызы жолға шықты

Еліміздің алыс-жақын аудандарын түгел аралайтын медициналық пойыз жолға шықты. Тегін медициналық көмек көрсетуді Алматы қаласынан бастаған жұмыс тобы жыл аяғына дейін барлық аймақты қамтып шығуға тиіс.

Әлі күнге Қазақстанның кейбір елді мекендерінің тұрғындары уақытылы сапалы әрі тегін медициналық көмекке қол жеткізе алмай келеді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ көмегімен «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, Денсаулық сақтау министрлігі және «Қазақстан темір жолы» жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры» бірлесіп «Медициналық пойыздар» жобасын жүзеге асырып келеді. 2010 жылдан бері жалғасып келе жатқан жобаға «Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» сынды екі Денсаулық пойызы тартылған.

Пойыз тұрғындарға сапалы әрі жедел диагностика жасауға мүмкіндік беретін заманауи медициналық құралдармен жабдықталған. Дәрігерлер жалпы және биохимиялық анализдер, рентгенография мен флюрографияны, ішкі ағзалар мен тамырларды УДЗ-зерттеулерін, электрокардиограмманы, гастрофиброскопияны және диагностикалық зерттеулердің басқа да түрлерін жасайды. Жұмыс тобының құрамында офтальмолог, отоларинголог, невропатолог, хирург, акушер-гинеколог, кардиолог, стоматолог, жалпы тәжірибе дәрігері, кеуде маманы, педиатр және т.б. сияқты бейінді мамандардың барлығы бар. Олар диагностикалық емшарадан бөлек шағын хирургиялық операциялар да жасайды.

– Денсаулық сақтау министрлігі шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін жылжымалы медициналық кешендермен және медициналық пойыздармен қамтамасыз етіп келеді. Былтыр мамандарымыз 127 елді мекенді аралап, 40 мыңға жуық адамға көмек көрсеткен болатын. Емделушілердің арасынан қан айналымы жүйесі, онкологиялық және басқа да созылмалы аурулар ерте кезеңдерде анықталды. Биыл мамандар құрамына С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессорлары қосылып отыр, – деді Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Асқар Хорошаш.


Ұйымдастырушылар биыл 60 мыңға жуық адамға медициналық көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Пойыздың жүретін жолының кестесі medpoezd.kz және sk-trust.kz сайттарына жарияланған.


– Биыл біз баратын облыстардың санын көбейттік. Пойыз 14 облысты аралау үшін 21 желтоқсанға дейін жолда болады. Кесте бойынша бірінші Алматы облысының тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіледі. Осы өңірден соң пойыз Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына бағыт алады. Одан әрі «Денсаулық» пойызының батыс өңірлерге алған бағыты оңтүстікке жалғасады да, Жамбыл облысында өз бағдарын аяқтайды. Жалпы алғанда пойыз 195 бекетке тоқтап, 19 мың шақырымды жүріп өтуге тиіс, – дейді «Samruk-Kazyna Trust» Қорының Бас директоры.

egemen.kz