Қызылорда облысының 12 шалғай станциясының тұрғындары «Жәрдем» медпойызың мамандарынан медициналық кеңес пен алғашқы медициналық көмек алу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды baq.kz 

Қазіргі уақытта медициналық пойыз Ақтөбе облысының шалғай бекеттерін аралауды бастады, ол алдағы жиырма күн бойы облыстың 15 аудан орталығы мен ауылдарына тоқтайды.
Бүгінгі күнге дейін «Жәрдем» пойызы «Денсаулық» медициналық пойызымен бірге еліміздің 35 576 тұрғынын тексерістен өткізді.
«Жәрдем» консультациялық-диагностикалық пойызының мамандары Қызылорда облысының 3 778 тұрғынын қабылдады, оның 708 бала. Барлығы 21 769 дәрігерлік қабылдау тіркелген. 19 шағын хирургиялық операция жасалды. Хирург дәрігердің қабылдауында 1481 адам болған, уролог 1198 адамды қабылдаған. 
Тұрғындардың көп бөлігі терапевт дәрігерге жүгінген – 3 778 адам, офтальмолог – 2 513 адам, ЛОР 2 482 пациент қабылдап үлгерген. Барлығы 1 702 ЭКГ, 47 – ФГДС, 1511 – УДЗ (УЗИ), 157 – флюорография жасалған. 
«Бұл облыста жиі кездесетін ауруларға қант диабетін, жүрек кан тамырлары ауруларын, урологиялық, гинекологиялық, неврологиялық, ЛОР және офтальмологиялық аураларды жатқызуға болады»,- деп атап өтті бас медбике Дана Сағынбекова.
Естеріңізге сала кетсек, медициналық бригада құрамында терапевт, педиатр, гинеколог, xирург, ЛОР, кардиолог, невропотолог, офтальмолог, уролог, онколог-маммолог, стоматолог сияқты мамандар жұмыс істейді.
Пациенттер медициналық пойыз мамандарынан тұрақты тексерістен өтіп тұрудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
«Біз медициналық пойызға өте қуаныштымыз, себебі аталмыш пойыз бізге және балаларымызға үлкен көмек көрсетіп жатыр. Бізге, яғни ауыл тұрғындарына қалаға барып, қажетті медициналық көмек алу қиынға соғады»,- деп өз пікірін білдірді пациент Дина Ниязова.
Жылдың аяғына дейін «Жәрдем» медициналық пойызы оңтүстік және батыс Қазақстанның 6 облысының 78 шалғай бекетін қамтуды жоспарлап отыр. Бүгінге дейін ол Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарын аралап үлгерді. Одан әрі пойыз кестесі бойынша Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстары қалды.
Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан Samruk-Kazyna Trust Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және «ҚТЖ» ҰК» АҚ жанындағы Әлеуметтік жобалар қорымен бірге, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ат салысуымен жүзеге асырылып жатыр. Өз кезегінде, Қызылорда облысының әкімдігі шалғайдағы ауылдардың тұрғындарын ақпараттандыруда қолдау көрсетіп, оларды медициналық пойыз жұмыс істейтін станцияларға жеткізуді ұйымдастырды.

«Жәрдем» медициналық пойызың мамандарынан медициналық кеңес пен алғашқы медициналық көмек алу мүмкіндігіне Қызылорда облысының 12 шалғай станциясының тұрғындары ие болды. Қазіргі уақытта медициналық пойыз Ақтөбе облысының шалғай бекеттерін аралауды бастады, ол алдағы жиырма күн бойы облыстың 15 аудан орталығы мен ауылдарына тоқтайды.

Бүгінгі күнге дейін «Жәрдем» пойызы «Денсаулық» медициналық пойызымен бірге еліміздің 35 576 тұрғынын тексерістен өткізді.

«Жәрдем» консультациялық-диагностикалық пойызының мамандары Қызылорда облысының 3 778 тұрғынын қабылдады, оның 708 бала. Барлығы 21 769 дәрігерлік қабылдау тіркелген. 19 шағын хирургиялық операция жасалды. Хирург дәрігердің қабылдауында 1481 адам болған, уролог 1198 адамды қабылдаған.

Тұрғындардың көп бөлігі терапевт дәрігерге жүгінген – 3 778 адам, офтальмолог – 2 513 адам, ЛОР 2 482 пациент қабылдап үлгерген. Барлығы 1 702 ЭКГ, 47 – ФГДС, 1511 – УДЗ (УЗИ), 157 – флюорография жасалған.

«Бұл облыста жиі кездесетін ауруларға қант диабетін, жүрек кан тамырлары ауруларын, урологиялық, гинекологиялық, неврологиялық, ЛОР және офтальмологиялық аураларды жатқызуға болады»,- деп атап өтті бас медбике Дана Сағынбекова.

Естеріңізге сала кетсек, медициналық бригада құрамында терапевт, педиатр, гинеколог, xирург, ЛОР, кардиолог, невропотолог, офтальмолог, уролог, онколог-маммолог, стоматолог сияқты мамандар жұмыс істейді.

Пациенттер медициналық пойыз мамандарынан тұрақты тексерістен өтіп тұрудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Біз медициналық пойызға өте қуаныштымыз, себебі ол бізге және балаларымызға үлкен көмек көрсетіп жатыр. Бізге, ауыл тұрғындарына қалаға барып, қажетті медициналық көмек алу қиынға соғады»,- деп өз пікірін білдірді пациент Дина Ниязова.

Жылдың аяғына дейін «Жәрдем» медициналық пойызы оңтүстік және батыс Қазақстанның 6 облысының 78 шалғай бекетін қамтуды жоспарлап отыр: бүгінге дейін ол Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарын

аралап үлгерді. Одан әрі пойыз кестесі бойынша Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстары қалды.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және «ҚТЖ» ҰК» АҚ жанындағы Әлеуметтік жобалар қорымен бірге, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ат салысуымен жүзеге асырылып жатыр. Өз кезегінде, Қызылорда облысының әкімдігі шалғайдағы ауылдардың тұрғындарын ақпараттандыруда қолдау көрсетіп, оларды медициналық пойыз жұмыс істейтін станцияларға жеткізуді ұйымдастырды.

Пойыз кестесімен www.medpoezd.kz және www.sk-trust.kz/ru ресми сайттарында таныса аласыздар.

http://alashinform.kz/kz/lentanews/10370-ant-diabet-zhne-zhrek-aurulary-yzylorda-oblysyny-tryndary-anday-aurulara-shaymdanuda.html

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының 12 шалғай станциясының тұрғындары «Жәрдем» медпойызың мамандарынан медициналық кеңес пен алғашқы медициналық көмек алу мүмкіндігіне ие болды.

Қазіргі уақытта медициналық пойыз Ақтөбе облысының шалғай бекеттерін аралауды бастады, ол алдағы жиырма күн бойы облыстың 15 аудан орталығы мен ауылдарына тоқтайды.

Бүгінгі күнге дейін «Жәрдем» пойызы «Денсаулық» медициналық пойызымен бірге еліміздің 35 576 тұрғынын тексерістен өткізді.

«Жәрдем» консультациялық-диагностикалық пойызының мамандары Қызылорда облысының 3 778 тұрғынын қабылдады, оның 708 бала. Барлығы 21 769 дәрігерлік қабылдау тіркелген. 19 шағын хирургиялық операция жасалды. Хирург дәрігердің қабылдауында 1481 адам болған, уролог 1198 адамды қабылдаған. 

Тұрғындардың көп бөлігі терапевт дәрігерге жүгінген – 3 778 адам, офтальмолог – 2 513 адам, ЛОР 2 482 пациент қабылдап үлгерген. Барлығы 1 702 ЭКГ, 47 – ФГДС, 1511 – УДЗ (УЗИ), 157 – флюорография жасалған. 

«Бұл облыста жиі кездесетін ауруларға қант диабетін, жүрек кан тамырлары ауруларын, урологиялық, гинекологиялық, неврологиялық, ЛОР және офтальмологиялық аураларды жатқызуға болады»,- деп атап өтті бас медбике Дана Сағынбекова.

Естеріңізге сала кетсек, медициналық бригада құрамында терапевт, педиатр, гинеколог, xирург, ЛОР, кардиолог, невропотолог, офтальмолог, уролог, онколог-маммолог, стоматолог сияқты мамандар жұмыс істейді.

Пациенттер медициналық пойыз мамандарынан тұрақты тексерістен өтіп тұрудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Біз медициналық пойызға өте қуаныштымыз, себебі аталмыш пойыз бізге және балаларымызға үлкен көмек көрсетіп жатыр. Бізге, яғни ауыл тұрғындарына қалаға барып, қажетті медициналық көмек алу қиынға соғады»,- деп өз пікірін білдірді пациент Дина Ниязова.

Жылдың аяғына дейін «Жәрдем» медициналық пойызы оңтүстік және батыс Қазақстанның 6 облысының 78 шалғай бекетін қамтуды жоспарлап отыр. Бүгінге дейін ол Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарын аралап үлгерді. Одан әрі пойыз кестесі бойынша Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстары қалды.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан Samruk-Kazyna Trust Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және «ҚТЖ» ҰК» АҚ жанындағы Әлеуметтік жобалар қорымен бірге, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ат салысуымен жүзеге асырылып жатыр. Өз кезегінде, Қызылорда облысының әкімдігі шалғайдағы ауылдардың тұрғындарын ақпараттандыруда қолдау көрсетіп, оларды медициналық пойыз жұмыс істейтін станцияларға жеткізуді ұйымдастырды.

Пойыз кестесімен www.medpoezd.kz және www.sk-trust.kz/ru ресми сайттарында таныса аласыздар.


https://baq.kz/news/othernews/auru/

Қазақстандағы шалғай станциялардың тұрғындарын қамтитын «Медициналық пойыз» бір жылдан астам уақыттан бері бірқатар аймақтарды аралап шықты.  

Атырау облысының 12 шалғай станциясы бойынша жұмысын қорытындылады. Дәрігерлер екі аптаның ішінде облыстың 6586 тұрғынын қарап, қажетті медициналық көмек көрсетті.

Дәрігерлердің білікті медициналық құрамы бар мұндай жылжымалы кешен барлық облысты аралап, ересектер мен балалар арасында ауыр созылмалы ауруларды анықтауда. Атырау облысында дәрігерлер 2482 науқас, оның ішінде 652 баланы қабылдады.

Пойызда 870 астам шағын хирургиялық ота жасалды. 219 — ФГДС, 1058 — УДЗ және 509 флюорография түсірілген. Атырау облысында науқастар ең көп барған маман — терапевт. Оған 1051 адам жүгінді. Тіс дәрігері 900 науқасты қабылдап, оларға медициналық көмек көрсетті.

«Ең жиі кездесетіні — жүрек-қан тамырлары аурулары. Бірінші орында – артериалды гипертония, екінші орында – жүректің ишемиялық ауруы, үшінші орында — жүрекше фибрилляциясымен жүрек ырғағының бұзылуы», — деді кардиолог Замира Юлдашева.

Терапевт Әлия Заитова тыныс жолдарының аурулары көп екенін атап өтті. «Барлық дерлік балаларда терең кариес, созылмалы тонзиллит, бронхит бар. Ең көбі суық тиген, бірнеше жыл бойы іш ауруы бар пациенттер тексеруге келді. Өз балаларын ешқашан тұрғылықты мекенжайы бойынша медициналық тексерістен өткізбеген, ешқашан дәрігерлерге көмекке бармаған ата-аналар да келген жағдайлар болды», — дейді дәрігер.

Сондай-ақ, облыс тұрғындарын тексеру барысында диагноз қойылғаннан кейін өзін-өзі дұрыс емес емдеудің нәтижесінде туберкулез аурулары да тіркелді.

Жобаны «Самұрық-Қазына» атынан Samruk-Kazyna Trust Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп өткізіп келеді.

https://aikyn.kz/society/threaded/9748-guerek-auruy-nege-gi%D1%96led%D1%96/

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  “Медициналық пойыз” жобасы бір жылдан астам уақыттан бері елді аралауда. Пойыз Атырау облысының 12 шалғай станциясы бойынша жұмысын аяқтады. Дәрігерлер екі аптаның ішінде облыстың 6586 тұрғынын қарап, қажетті медициналық көмек көрсетті. 

Дәрігерлердің білікті медициналық құрамы бар мұндай жылжымалы кешен облыстан облысты аралап, ересектер мен балалар арасында ауыр созылмалы ауруларды анықтауда. Сонымен, Атырау облысы бойынша дәрігерлер жұмысының статистикасы келесідей: барлығы дәрігерлер тобы 2482 науқасты қабылдады, оның ішінде 652 бала.

Пойызда 870 астам шағын хирургиялық ота жасалды, 219 ФГДС процедурасы, 1058 УДЗ (УЗИ) және 509 флюорография жасалды. Атырау облысында науқастар ең көп барған маман терапевт болды – оған 1051 адам жүгінді және тіс дәрігері, ол 900 науқас қабылдап, оларға медициналық көмек көрсетті.

“Ең жиі кездесетін жүрек-қан тамырлары ауруларының ішінде келесілерін атап өткен жөн: бірінші орында – артериалды гипертония, екінші орында –  жүректің ишемиялық ауруы, үшінші орында – жүрекше фибрилляциясымен жүрек ырғағының бұзылуы” ,- деп атап өтті кардиолог Замира Юлдашева.

Пойыздың терапевті Әлия Заитова да өз бақылауларымен бөлісті. 

“Барлық дерлік балаларда терең кариес, созылмалы тонзиллит, бронхит бар. Ең көбі суық тиген, бірнеше жыл бойы іш ауруы бар пациенттер тексеруге келді. Өз балаларын ешқашан тұрғылықты мекен-жайы бойынша медициналық тексерістен өткізбеген, ешқашан дәрігерлерге көмекке бармаған ата-аналар да келген жағдайлар болды”,- дейді дәрігер. 

Сондай-ақ, облыс тұрғындарын тексеру барысында диагноз қойылғаннан кейін өзін-өзі дұрыс емес емдеудің нәтижесінде туберкулез аурулары да тіркелді.

Естеріңізге сала кетсек, «Медициналық пойыз» жоба 29 сәуірден бастап жүзеге асырылып келеді және оның басты мақсаты еліміздің шалғай аудан тұрғындарын тегін медициналық қызметпен қамту. 

2019 жылдың 20 тамызында қосымша «Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы іске қосылған болатын. Ол «Денсаулық» пойызымен бірге медициналық көмекке қолы жетпейтін шалғайдағы станциялар мен жақын орналасқан ауылдардың тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсетеді. Бүгінгі күні «Жәрдем» пойызы Қызылорда облысының тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп жатыр. Осы күнге дейін екі пойызбен 30 820 тұрғын қаралды, оның ішінде 6294 бала. 

Пойыздар неміс және жапон өндірісінің алдыңғы қатарлы фирмаларының заманауи диагностикалық құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Аппаратуралар пациенттерге қажет болған жағдайда толық жалпы және биохимиялық талдаулар жасауға, ренгенография және флюорографиядан өтуге, ішкі органдарға және қан тамырларына УДЗ-зерттеулер жүргізуге, электрокардиограмма, гастрофиброскопия жасауға және басқа да диагностикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.


https://baq.kz/news/othernews/atyrau-oblysyny-turgyndary-arasynda-/


«Саламатты Қазақстан» мемелекеттік бағдарламасы аясында Алматы қаласынан шыққан «денсаулық пойызы» Мақат ауданына келіп, халыққа медицуиналық қызмет көрсетті. 14 дәрігер төрт күн бойы Мақат пен Доссор кенттеріндегі тұрғындардың  денсаулығын тегін тексеріп, кеңес берді.  4 вогоннан құрлаған пойыз заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған. Узи, рентген аппараттары да бар. 

https://atyrautv.kz/kz/news/society/densaulyk-poiyzy-makatka-ayaldady-video-1?_utl_t=wh#

«Жәрдем» медициналық пойызының дәрігерлері Түркістан облысының тұрғындары арасында бірқатар созылмалы ауруларды анықтады. «Жәрдем» пойызы ең шалғай стансаларды аралауды Түркістан облысы аймағында жалғастырды.

«Жәрдемнің» дәрігерлері Түркістан облысының 10 бекетінде 4430 тұрғынын тексерді. Оның ішінде, 779 бала дәрігер тексеруінен өтті. Жалпы, 19 393 дәрігерлік қабылдау өтіп, 28 шағын хирургиялық операция жасалған. ­- Түркістан облысының тұрғындары арасында жиі кездескен аурулардың қатарында: тірек-қимыл және жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары, аяқ қантамырлары мен тыныс алу жүйесінің аурулары бар. Балалардың арасында бассүйек ішіндегі гипертензия, халязион (яғни, қабақтың қабынуы), коньюктивит, тіс жегісі, іріңді пульпит, майтабан аурулары жиі кездеседі, ­- деді Түркістан облысы бойынша бригаданың бас дәрігері Кенжеболат Бакиров. Дәрігерлер тұрғындарға аурудың алдын алу және дұрыс тамақтану жайында кеңес беріп отырды. Шалғай елдімекеннің тұрғындары медициналық пойыздың арқасында сапалы медициналық кеңес алып, емделгеніне дән риза. – Біз отбасымызбен осы медициналық пойыз мамандарына тексеруден өтуге келдім. УДЗ мен ЭКГ-дан өттік. Терапевт, ЛОР, окулистің тексеруінен өттім. Дәрігерлердің арқасында өзіме байқалмайтын аурудың басталып келе жатқанын білдім, ­- деді Сайрам ауданының тұрғыны Жанат Бейсенбекова. «Жәрдем» медициналық пойызы Қазақстанның барлық шалғай аймағын аралап шығады. Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан Samruk-Kazyna Trust Әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен жүзеге асып жатыр.

Толығырақ: https://aikyn.kz/society/treatment/8934-balalar-arasynda-maytaban/