БҚО шалғай аудан тұрғындары тегін медициналық көмек алады

/ / БАҚ бiз туралы

«Медициналық пойыз» жобасы еліміздің барлық облыстарын аралап, тегін медициналық көмек көрсетуді жалғастыруда.

2019 жылдың 19 тамызы мен 26 тамызы аралығында Батыс Қазақстан облысының 9 станциясының тұрғындары тегін медициналық консультация мен медпойыз мамандарынан алғашқы медицианалық көмек ала алады. Медициналық пойыз осы күнге дейін Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында болды.

Медициналық пойыз мамандарына қаралған тұрғындардың саны күн санап өсіп келеді. Осылайша, 29 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін «Денсаулық» консультативті-диагностикалық пойызы 7 облыстың 101 станциясының тұрғындарына медицианылқ көмек көрсеткен.

Медициналық пойыз дәрігерлері барлығы 15 522 тұрғынды тексеруден өткізген, оның 2808 бала, жалпы дәрігерлік қабылдаудың саны 37 283 құрайды.

Жоба басталғаннан бері 1279 шағын медициналық ота жасалған, 546 ФГДС процедурасы, 5638 УДЗ(УЗИ) және 2371 флюорография жасалған. Медициналық пойыз дәрігерлерінің ішінде ең көп адам қабылдап үлгерген ол -терапевт маман, оған 5079 адам қаралған, офтальмолог 5134 пациент қабылдаған және 4562 тұрғынды тексерістен өткізген кардиолог дәрігері.

26 тамызда “Денсаулық” пойызы Батыс Қазақстан облысы бойынша жұмысын аяқтап, Ақтөбе облысына бет алады.

Естеріңізге сала кетсек, жоба 29 сәуірден бастап жүзеге асырылып келеді. «Медициналық пойыздың» басты мақсаты еліміздің шалғай аудан тұрғындарын тегін медициналық қызметпен қамту. Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» SamrukKazynaTrust Samruk_Kazyna_Trust Samruk_Kazyna Trust Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ат салысуымен жүзеге асырып жатыр.

Пойыздар неміс және жапон өндірісінің алдыңғы қатарлы фирмаларының заманауи диагностикалық құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Аппаратуралар пациенттерге қажет болған жағдайда толық жалпы және биохимиялық талдаулар жасауға, ренгенография және флюрографиядан өтуге, ішкі органдарға және қан тамырларына УДЗ-зерттеулер жүргізуге, электрокардиограмма, гастрофиброскопия жасауға және басқа да диагностикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.


http://alashinform.kz/kz/lentanews/9585-bo-shalay-audan-tryndary-tegn-medicinaly-kmek-alady.html