Қарағанды облысына «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келіп жетті

/ / БАҚ бiз туралы

3 мамыр күні «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ мамандарымен Қарағанды облысының Қаражал қаласына жетті, деп хабарлайды patrul.kz.

2017 жылғы 12 мен 27 сәуір аралығында «Саламатты Қазақстан» консультативті-диагностикалық медициналық пойызының мамандары Қарағанды облысы Теректі, Түйемойнақ, Шұбаркөл, Қызылжар, Жеңіс бекеттерінің тұрғындарын тексерістен өткізді.

Дәрігерлердің қабылдауына келушiлердiң қарасы көп. Бүгінгі күні барлығы 1952 адам, оның ішінде 714 бала тексерілді. Дәрігерлік қаралудан 27 064 адам өтті. 17 757 диагностикалық процеруда жүргізілді (2420 ішкі органдардың ультрадыбыстық зерттеуі, 1099 бас миының эхоэнцефалография және ультрадыбыстық допплерографиясы, 1219 электрокардиография, 494 көздің ішкі қысымын өлшеу, 1339 рентгенологиялық зерттеу, 317 эндоскопия, 10 869 клиникалық-биохимиялық анализ), 51 кіші емханалық ота жасалды. Маммолог дәрігерден 374 әйел қаралды. Стоматологиялық көмек 983 тұрғынға көрсетілді.

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті өз кезегінде пойыздардың дайындығына белсене түрде атсалысты. Азаматтық қорғау қызметкерлері эвакуациялау жолдарының жай-күйіне, бастапқы өрт сөндіру құралдарының болуына ерекше көңіл бөле отырып, объектілердің және іс-шаралар өткізу орындарының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Сондай-ақ, пойыз мамандарымен түрлі сипаттағы төтенше жағдайларға ден қою және техника қауіпсіздігін сақтау бойынша нұсқама жүргізілді. Темір жол станцияларының аумағында инженерлік-инспекторлық құрамның және авариялық-құтқару қызметтерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың алғашқы сапарында медициналық пойыздың дәрігерлері бір ай бойы шағын стансалар мен оларға таяу орналасқан елді мекендердің тұрғындарына жоғары білікті мамандар қызмет етеді. Қаражал қаласы медициналық пойыздың он үшінші аялдамасы болып табылады.

Барлық кабинеттер барлық қажетті диагностикалық құралдармен жабдықталған. Жоғары сапалы медициналық көмек көрсетілгендіктен, халық медициналық пойыздардың қызметіне ризашылығын білдіруде.

http://patrul.kz/novost/araandy-oblysyna-salamatty-azastan-medicinaly-pojyzy-kelip-zhetti