«Медициналық пойыздар» жобасы

2010 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, әлеуметтік жобалар қоры тұлғасында Қазақстан Республикасының Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрліктерімен, ал 2016 жылдан бері «Samruk-Kazyna Trust» қорымен бірлесіп «Медициналық пойыздар» атты кең ауқымды әлеуметтік жобаны іске асырады. Бұл жоба аясында алшақ бекет тұрғындары негізгі медицина мамандықтарының (терапевт, стоматолог, офтальмолог, лор, хирург, уролог, маммолог, педиатр) білікті мамандарынан тегін тексеру мен емдеуден өту мүмкіндігіне ие болады. Пойыз заманауи диагностілеу және емдеу жабдықтарымен (УЗИ, флюроография аппараты және т.с.с.), кішігірім операция орны, зертхана, интернетке сымсыз қол жеткізу үшін байланыс құралдарымен жабдықталған.

Медициналық пойыздар медициналық кабинеттер, жоғары жылдамдықты интернет желісі жоқ өңірлерді қамтиды.

2017 жылы жобаға «Samruk-Kazyna Trust» қоры қолдау көрсетеді, пойыздар:

  • «Саламатты Қазақстан» - 11 сәуірден бастап орталық, солтүстік, шығыс және батыс өңірлер бөлігін 6 қарашаға дейін қамтиды;
  • «Денсаулық» - 18 сәуірден бастап оңтүстік және батыс өңірлерді 20 желтоқсанға дейін қамтиды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік жобалар қоры пойыздар қозғалысын, оларға күтім жасалуы мен жөнделуін, пойыздар, жабдықтар мен мамандар күзетілуін ұйымдастырады, дәрігерлер мен пойыз бригадаларын тамақпен қамтамасыз етеді. ТЖ комитеті дәрігерлер мен жабдықтар қызметіне жауапты. Пойыздардың қозғалыс кестесі азаматтардың өтінімі мен мемлекеттік мекемелер сұраулары негізінде алшақ бекеттерде  медициналық тармақтардың болмауын ескеріп құрастырылады. Сондай-ақ ҚТЖ қай облыстарда және медициналық пойыздардың қаншалықты қай уақытта болғанына талдау жүргізеді. Әр медициналық пойыз бірніші пішінді мамандандырылған кеңес беру, диагностілеу көмегін көрсету үшін арнайы жабдықталған, сондай-ақ медициналық мамнның мекендеуіне арналған сегіз вагоннан тұрады. Медициналық маман мен пойыз бригадасына арналған екі вагон-купеде ауа баптағыштар, телевизорлар, тоңазытқыштар, себезгі, био-дәретханалар мен кір жуу орны орнатылған. Сондай-ақ вагон-мейрамхана мен вагон-дизель-генератор бар. Оның күші ТЖ жағдайында шағын тұрғылықты тармаққа жарық беруге жеткілікті. Қалған төрт вагон тек халықты қабылдауға және медициналық көмек көрсетуге арналған. Бұл жағдайда дәрігерлерге арналған жайлы вагондар, пойыздардың жолда жылына 300 күн болуына орай құрылған.

Дәрігерлер бригадасының құрамында терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог сияқты негізгі бағыт мамандары құралған. Олардың барлығы бірінші және жоғары біліктілік санатындағы дәрігерлер болып табылады.

Пойыздар заманауи диагностілеу және емдеу жабдығымен жабдықталған (компьютерлік спирометриялық жүйе, эхоэнцефалограф, бейнегастрофиброскоп, кардиологиялық мониторлық жүйе, рентген-, стоматологиялық, ЛОР- және офтальмологиялық заманауи жабдық). Аталған аппаратура пациенттерге қажет жағдайда cito режимінде қан мен зәрге жан-жақты жалпы және биохимиялық талдаулар, рентгенография мен флюрография, ішкі органдар мен тамырларға УЗИ-тексерулер, электрокардиограмма, велоэргометрия, гастрофиброскопия, компьютерлік спирографияны, эхоэнцефалография мен диагностілеп тексерудің көптеген басқа түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді.

Екі-үш сағат ішінде, операциялық тәртіпте, қанның көптеген параметрлері анықталады. Олардың ішінде барынша қазіргі уақытта өзектісі диабет проблемасы болып отыр. Қандағы қант құрамы бірнеше секунд ішінде анықтала алады.

Жылжымалы аурухананың дәрігерлері мен емделушілері телемедициналық конференция көмегімен Астана мен Алматыдағы республикалық аурухананың үздік мамандарынан кеңес ала алады, бұл қызметтер сапасын үлкен қала тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет түрлерінің сапасына жақындатып, адамдардың өмір сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Анықтама үшін:

«Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздарының 2010-2016 жылдар аралығындағы жұмыс қорытындысы

Барлығы 2010-2016 жылдар аралығында медициналық пойыздармен 1 052 алшақ бекеттер қамтылды, 299 мыңнан астам, оның ішінде 71,5 мың балалар тексеруден өткізілді.

Шамамен 1,5 миллион диагностілеу емдеу шаралары, 4 мыңнан астам шағын амбулаторлық операциялар, 19 телемедициналық кеңестер өткізілді, маммолог 44 мың әйелді қарады, стоматологиялық көмек 73 мың тұрғынға көрсетілді. Жұмыс нәтижесінде пойыз мамандары 394 мың науқасты тіркеді, оның ішінде 49,5 мың балалар науқасы қаралды, 5 080 жаңадан пайда болған ісіктер, оның ішінде 257 балалардан айқындалды.

«Денсаулық» пойызы "Парыз" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша республикалық байқауының «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясында және 2010 жылы «Қазақстандағы № 1 жыл таңдауы» халықаралық фестивалінде Қазақстанның үздік әлеуметтік-жауапты жобасы болып танылды.

Жоғары