3 облыстың шалғай станция тұрғындары тегін медициналық қызмет алды: «Денсаулық» пойызы өз сапарын жалғастыруда

/ / Жаңалықтар
«Медициналық пойыз» жобасы еліміздің барлық өңірлері бойынша өз сапарын жалғастыруда. Ол бүгінге дейін Алматы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының шалғай бекеттерін аралап үлгерді. Мамандардың қажеттілігі мен жиі кездесетін аурулардың үлесі аймақтан аймаққа қарай өзгереді.  Дегенмен, медициналық пойызға деген қызығушылық пен сенім пойыз аралаған барлық өңірлерде бірдей.

17 маусым «Денсаулық» пойызы Павлодар облысының 10 астам станциясын аралауды аяқтады. 10 күннің ішінде пойыз қызметіне 4174 адам жүгінген, 1542 тұрғын тексерістен өткен, оның 269 бала, 65 шағын хирургиялық ота жасалып, 39 ФГДС процедурасы, 353 – УДЗ және 291 флюорография жасалды. Медицина қызметкерлерінің айтуы бойынша, пойыз қызметіне ең көп Маралды станциясының тұрғындары жүгінген, онда 200 астам пациент тегін медициналық кеңес алып, дәрігерлерге қаралған.

Дәрігерлердің хабарлауы бойынша тұрғындар көп қаралған мамандар ол: 421 адам қабылдаған кардиолог және 370 тұрғынды тексеріп үлгерген стоматолог дәрігер.

Павлодар облысы бойынша медициналық бригада жетекшісі Тулеева Бақыт Ізденқызы осы аймақтағы тұрғындардың ең көп қандай маманға мұқтаж екенін айтып өтті: «Көбінесе тұрғындар кардиолог, терапевт және УДЗ мамандарына жүгініп жатыр. Жиі анықталған аурулар қатарында жүрек аурулары, туберкулез және қант диабетін бар. Айта кететін жайт, қант диабеті көбінесе осы медициналық пойызда анықталып жатыр, тұрғындардың көбі өздерінде бұл науқастың бар екенін тіпті білмеген жағдайлар көп.  Сондай-ақ, тері аурулары және онкологиялық аурулары бар,  диспансерлерде есепте тұрған тұрғындар да медициналық қызметкерлерден тексерістен өтті».

Пойыздың жүру кестесі бойынша келесі Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарының шалғай станцияларын аралау жоспарланып отыр.  Онда 20 астам шалғай бекеттердің тұрғындары тегін медициналық тексерістен өтіп, өз денсаулықтарын емдеу мен қалпына келтіруге жолдамалар алу мүмкіндігіне ие болады.

Естеріңізге сала кетсек, жоба жұмысы 29 сәуір басталған болатын. Оның мақсаты – еліміздің әр облысының шалғай бекеттерінде тұратын тұрғындарды тегін медициналық қызметпен қамту болып табылады. Жоба «Самұрық-Қазыны» АҚ компаниялар тобы атынан ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның Әлеуметтік жобалар қоры және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорымен жүзеге асырылып жатыр.

Пойыз С.Д. Асфендияров атындағы ұлттық медицина университеті ұсынған неміс және жапон өндірісінің алдыңғы қатарлы фирмаларының заманауи диагностикалық құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Аппаратуралар пациенттерге қажет болған жағдайда толық жалпы және биохимиялық талдаулар жасауға, ренгенография және флюрографиядан өтуге, ішкі органдарға және қан тамырларына УДЗ-зерттеулер жүргізуге, электрокардиограмма, гастрофиброскопия жасауға және басқа да диагностикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Пойыз кестесімен www.medpoezd.kz және www.sk-trust.kz/ru ресми сайттарында таныса аласыз.